Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Мəдениет жəне өнер » «Бізде сөз бен істің айырмасы мыңдаған километр»

«Бізде сөз бен істің айырмасы мыңдаған километр»

Асқар ЖҰМАДІЛДАЕВ, ғалым:

«…Жалпы осы әңгіменің өзі маған түсініксіз. Шыңғысқан бір минут қазақ екен деп есептейік, ал одан не өзгереді сонда? Марста алма гүлдей ме, Юпитерде жел тұра ма, екі жердегі екі бес бола ма? Әлде сізге мүйіз шыға ма, мүйіз шықса қанша сантиметр шығады, мен осы жағын түсінбеймін. Сіз артқа қарап жүрмеңіз, сіз алға қарап жүріңіз. Бүгінгіні емес ертеңгіні ойлаңыз. Біз мәңгілік ел деп айтамыз, мысалы да. Мәңгілік ел деген қанша жыл? Бір жыл ма, он жыл ма, он бір жыл ма, қанша? Қалай біз оны өлшейміз? Менің ойымша сіз оны білемін десеңіз, сіз бүгінгінің емес ертеңгінің тірлігімен шұғылданыңыз. Егір сіз біреуді мойындатамын десеңіз, сіз технология жасаңыз, технократ болыңыз. Сіз жапонның Тойота секілді бір машинасын ойлап табыңыз. Таба алмасаңыз соның інісін ойлап табыңыз, бір мотоцикл ойлап табыңыз. Бір велесипед ойлап табыңыз, оны ойлап таба алмасаңыз бір дөңгелек ойлап табыңыз, оны ойлап таппасаңыз бір нипл ойлап табыңыз, оны ойлап таппасаңыз насосын ойлап табыңыз. Сонда ғана сені құрметтейді. Ал былай «әй қойшы, «болтун» дейді де қоя салады. Өйткені сіз тарихыңыз терең деп айтасыз. Бірақ сол тарихыңыз сіздің өзіңізден басқа ешкімге керек емес. Сіз қай елді білесіз, менің тарихым терең емес деп айтқан. Сіз қай елді білесіз, менің тілім бай емес деп айтқан. Сондықтан тілім бай, тарихым терең деп айтқанның барлығы бос сөз. Білдіңіз бе, бірақ бұдан кемшілігім деп ұқпаңыз, бұдан дұрыс қорытынды жасаңыз.

Сөз бен істің алшақтығы бар, мысалы жапон үшін сөз бен істің арасы бір сантиметр, Германия үшін сөз бен істің арасы екі сантиметр, Америка үшін сөз бен істің арасы бес сантиметр дейік, қазақ үшін қанша сантиметр, әлде қанша километр. Менің ойымша мыңдаған километр. Сөз бір бөлек, іс екінші бөлек…».

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика