Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Басты жаңалықтар

Басты жаңалықтар

«Атың шықпаса, «көр» өрте»…

   Абайды мойындамайтын, Мұқағалиді менсінбейтін буын қайдан шықты? Адамзатты қазір тән дертінен бөлек, жан дерті де меңдеп тұр. Өкініштісі сол, тән дертіне қарағанда жан дертінен айығудың амалы қиынырақ. Cоңғы кезде әлеуметтік желіде көпшіліктің назарын өзіне аудару үшін  түрлі әрекетке баратындар көбейіп кетті. «Атың шықпаса, жер өрте» дегендей, олардың көбісі шынында «хайп» пен «лайк» үшін ешнәрседен тайынар емес. Боянған жігіт, жалаңаштанған ...

Read More »

Үйі өртенген кентаулық кейуанаға көмек берілетін болды

Маусым айының алғашқы онкүндігінде редакцияға Кентау қаласынан жайсыз хабар түсті. Қаладан 5-6 шақырым жерде орналасқан Байылдыр ауылында не күйеуі, не перзенттері жоқ, жалғыз басты зейнеткер әйел – Зейнегүл Оспанованың үйі өртенген. Өкініштісі, бұл оқыс оқиғадан ауыл, қала әкімдігі бейхабар күйде қалып, ешқандай көмек көрсетілмеген. Біз осы оқиғаға қатысты мән-жайды өз көзімізбен көру үшін жолға шыққанбыз. Екі қабатты үйдің жоғарғы қабаты ...

Read More »

Ескі де болса жаңа еді, жаңа да болса ескіге айналды

Оқырманның есінде болса газетіміздің өткен жылдың тамыз айындағы бір санында Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылына кіре берісте салынып жатқан қақпаға қатысты «Арка үшін қыруар ақша шығындаудың қаншалықты қажеттілігі болды?», «Жалған ақпар жарға жығады. Немесе жаңа арка төңірегіндегі шындық неге жасырылады?» деген тақыраптарда мақала жарияланған еді. Бұл мәселеге байланысты сол кездегі аудан әкімі Бақтияр Мамаев үндемей құтылған-ды. Содан бері де он ай ...

Read More »

Бәйдібектегі «сақалды құрылыс» қашан аяқталады?

Басталған істің аяқталуының тым ұзаққа созылуы, яғни «сақалды құрылыстардың» тұрғындардың жүйкесін жұқартатыны түсінікті. Әсіресе, ол құрылыстар жолға қатысты болса. Өйткені, бүгінде жол қызметін пайдаланбайтын адам жоқ. Ал жиі пайдаланатындар үшін – бас қайғысына айналған десе де болады. Ұзаққа созылған жол құрылысы жолаушылардың жүйкесін ғана емес, көлігін де тоздырып, қалтасына салмақ салатыны талассыз. Жол азабын тартқан Бәйдібек ауданының тумасы Бақытжан Жұмәділдаев ...

Read More »

Қарабұлақ қашанғы қан сасиды?

Сайрам ауданының тізгінін Ұласбек Сәдібековтың ұстағанына көп бола қойған жоқ. Осы қысқа уақыттың өзінде аудандағы қордаланып қалған қаншама мәселелер қолға алына бастады. Ең бастысы, тұрғындар арасында басшыға деген сенім қалыптасты. Осындай сенімге ие болып отырған Ұласбек Сәдібекұлы Қарабұлақ ауылындағы күрмеуі қиын мәселелерді шешуге де көңіл бөлсе деген жергілікті тұрғындардың базынасы бар. Біздің бұлай деуіміздің себебі жоқ емес. Оқырманның есінде болса ...

Read More »

Шардара «Сардоба» тағдырын қайталамай ма?

Бір ай бұрын Өзбекстандағы «Сардоба» су бөгетінің бұзылуы көпшілікті ой тұңғиығына тастағаны анық. Тапа-тал түсте болған бұл апат су қоймасы бар елдерге қауіпсіздікті қатаң сақтауға, кез-келген уақытта төтенше жағдайға дайын болу керектігін ұғындырды. Осы тұрғыда Шардара су қоймасының жағдайына да алаңдаушылардың табылатыны заңдылық. Стратегиялық маңызы зор бұл нысан «Сардобадан» бірнеше есе үлкен, соған байланысты одан келер қауіп те орасан. Баспасөз ...

Read More »

Бүлдіршіні қайыршы елдің болашағы не болмақ?

1 маусым – балаларды қорғаудың халықаралық күні. Осы күні өзін жарнамалағысы келген шенеуніктер болсын, депутаттар болсын балаларға сыйлық жасап, көңілін аулап қоятыны бар. Сонымен іс бітті. Ал шын мәнісінде бұл тақырып бір күндік емес, мәңгілік мәселе болуы тиіс. Неге бұлай деп отырмыз? Өйткені, ел болашағының баянды болуын қаласақ, бала тәрбиесінен, оларға сапалы білім беруден, құқын қорғаудан бір сәт те қол ...

Read More »

«Тұрғындарға келер қауіп жоқ» деп еді…

Төтеншеліктер тәспісінен жаңыла бастаған ба? Әлеуметтік желілер жанданған тұста жалған ақпараттарға жиі жол берілетін болды. Онысы үшін жауапкершілікке тартылып жатқан азаматтар да аз емес. Ал осындай шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерге мемлекеттік мекемелер де жол берсе ше? Біз мұны неге айтып отырмыз? Осы жылдың ерте көктемінде, дәлірек айтқанда, ақпан айының соңғы күндері Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрғали Жүнісов Өңірлік ...

Read More »

Кімді кім алдап жүр?

Жуырда редакцияға Отырар ауданының Қарақоңыр ауылдық округінің Бестораңғыл елді мекенінен хабарласқан Абай есімді азамат округ әкімі Сәкен Айсейітовтың жұмысына көңілі толмайтынын айтты. «Уақтылы қызмет орнында отырмайды. Ауылда қордаланған мәселені шешпейді. Шағын ауыл тұрғындары бір-бірін сотқа сүйрелейді. Жер дауы өршіп тұр. Әкім іскер болса осыларды бейбіт жолмен неге шешпейді? Ұсақ-түйекке бола ауданға жүгіре беруіміз керек пе? С.Айсейітов аудан әкімінің ауылымыздағы өкілі ...

Read More »

Біліксіздік бүлдіршінді мүгедек етті

  Ауруы асқынған ол көмекке зәру Бала біздің болашағымыз. Бұл сөз үлкен мінберлерде әдемі айтылғанымен, кейде іс жүзінде қолдауға ие болмай, өкініштердің өзекті өртеп жататын кездері болады. Сөйтеді де бір әулеттің үкілі үміті болып өсіп келе жатқан жекіншек кенеттен мүгедек болып шыға келеді. Және оған себепші болған ақ халат киген дәрігерлер екенін білгенде әттеген-ай дейсің. Үй бүлінсе қайта тұрғызуға болады, ...

Read More »
Яндекс.Метрика