Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Саясат

Саясат

Тіршілік қазаны қайнаған қала

Рас, соңғы уақытта жағымсыз жаңалықтар легі көбейді. Бірақ, біз артта қалған аптада Шымкент қаласында орын алған оқиғаларға шолуды жақсы жаңалықтан бастағалы отырмыз. Қала аумағындағы Елтай тұрғын алабында «Шымкент қайырымды қала» әлеуметтік қор есебінен су тасқынынан зардап шеккен 5 үй қайта салынатын болды. Осылайша жуырда ғана баспанасына су кіріп, уайым тұңғиығына батқан отбасылар жағымды жаңалыққа марқайып қалған жағдайлары бар. Бұл қуанышты ...

Read More »

Сардоба апатына қатысты екі күдікті ұсталды

Өзбекстан Бас прокуратурасының хабарлауынша, Сырдария облысы аумағында Сардоба су қоймасындағы апатқа қатысты қылмыстық іс бойынша екі күдікті қамауға алынды. Бас прокуратура қылмыстық іс туралы басқа мәлімет бермеді. Тергеу жүріп жатыр. 5 мамырда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев үкімет жиналысында «Сардоба су қоймасындағы қайғылы оқиғаға кінәлілер жазаланады» деп мәлімдеген. 7 мамырда апатты зерттеу жөніндегі үкімет комиссиясы құрылғаны хабарланды. Оның құрамына «Өзгидроэнерго» мекемесінің ...

Read More »

Қырғыздар ғаламторды бақылайтын заң жобасын әзірледі

Қырғыз парламентінің депутаты Гүлшат Асылбаева «Ақпаратты манипуляциялау жөніндегі» заң жобасын әзірлеп шықты. Құжат қоғамдық талқылауға шығарылды. Жоба әзірлеушінің айтуынша, қазіргі қолданыстағы заңдар интернет кеңістігіндегі ақпараттарды құқықтық тұрғыдан реттей алмайды. Гүлшат Асылбаеваның сөзінше, интернет желілерінде шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттарды жариялауға тыйым салынуы керек. Жалған ақпарат таратқан сайт иелері заң алдында жауап беруі тиіс. Әзірленген заң жобасында егер жарияланған ақпарат шындыққа сәйкес ...

Read More »

Трамп Обамаға айып тақты

АҚШ сенатының заң комитеті таяу күндері Дональд Трамп айналасындағы адамдардың Ресеймен байланысы жөніндегі мәселеге қайта оралмақшы. Бұл жолы «Трамптың оппоненттерінің ісі болмады ма екен» деген тұрғыдан қарамақ. Бұл жөнінде комитет төрағасы, президенттің одақтастарының бірі, республикашыл Линдси Грэм мәлімдеді. Оның сөзінше, комитетте әділет министрлігінің және бұрынғы президент Барак Обама тұсындағы Ақ үй шенеуніктерінің іс-әрекеттері қаралады. Мәселе, құпия есепте Трамптың бұрынғы кеңесшілері ...

Read More »

Зейнеткерлер банкті өздері таңдайды

Өзбекстанның Орталық банкі мен Қаржы министрлігі зейнетақы мен өтемақыны Халық банк арқылы жеткізудің тиімсіздігін мойындады. Енді қызмет көрсететін банкті зейнеткердің өзі таңдайтын болды. Бұл туралы 11 мамырда Ташкентте өткен брифингте Несие ұйымдарын бақылау жөніндегі департаменттің директоры Аброрхожа Турдиалиев хабарлады. Шенеуніктің айтуынша, Халық банк шамамен 620 мың Humo банк картасын дайындап, зейнеткерлерге таратты. Дегенмен 7-8 мамырда Humo төлем жүйесі бұзылып, зейнеткерлер ...

Read More »

«Банктерге көп қаржы бөлу – бүлікке бастауы мүмкін»

«Егер Үкімет қайтадан банктерге шектен тыс көп ақша берсе, әлеуметтік бүлікшілік болатынын жоққа шығармаймын. Адамдар көмекке тәуелді болса түсінемін, бірақ, біз неге банкке көмектесуіміз керек? 450 миллиард – Қазақстанның батысын оңтүстікпен байланыстыратын Бейнеу-Бозой жолын салғаннан қымбат! Банктерге неге көмектесе береміз? Банкрот ету керек оларды!   Сосын кейбіреуі өз банктерін мемлекетке 100 теңгеге сатты (мысалы, Альянс банкі). Олар өздерінің қаржылық проблемаларын ...

Read More »

Қырғыздар уран өндірісіне тыйым салды

Қазақстан уран өндіруден дүние жүзінде алдыңғы қатарда. Біздің ел бұл жетістікті мақтан тұтады. Алайда, уранның адам ағзасынан бастап, қоршаған ортаға да орасан зиян келтіреді. Олай болса, бұл мақтаныш емес, керісінше қасірет болуы керек секілді. Осы жайтты орынды ескерген қырғыз ағайындар елінде уран өндіруге тыйым салды. 2019 жылдың 16 желтоқсанында Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков елде уран кеніштерін пайдалануға тыйым салған ...

Read More »

Журналистердің жұмысына кедергі келтірсеңіз…

Айыппұл төлеуіңіз мүмкін Иә, дәл солай. Бірақ, бұл біздің емес, көрші Өзбекстан мемлекетінде заң жобасына енгізіліп отырған талап. Ендігі жерде Өзбекстанда журналистердің іс-әрекетіне кедергі келтіргендер жауапқа тартылуы мүмкін. Осы мақсатта Әкімшілік кодекске өзгерістер енгізіліп, қоғамдық талқылауға шығарылды. Құжатқа сәйкес, журналистің кәсіби қызметіне тосқауыл қойғандарға (журналисті өз келісімінсіз ақпарат таратуға мәжбүрлегендер, аккредитация беруден негіссіз бас тартқандар, ақпарат алу құқығын бұзғандар және ...

Read More »

Шенеуніктер – түрмеде…

Жоқ, түрмеге түскен жоқ, «саяхаттап» қайтты. Жаңа жыл қарсаңында болу керек, 31 арнаның жаңалықтарында шымкенттік мектеп директорларының түрме аралап жүргенін көрсеткен болатын. Сол кезде журналист осындай «саяхатты» шенділерге де ұйымдастыру керек дегенді айтып қалғаны есімізде. Журналистің сөзі ой салды ма, әлде бұл кезегімен іске асырылып жатқан жоспарлы шара ма, әйтеуір осы аптада шымкенттік шенеуніктердің де түрмеге жасаған «саяхатын» тағы көгілдір ...

Read More »

Журналистің өлімі

Премьер-министрдің отставкаға кетуіне себеп болды Мальта премьер-министрі Джозеф Мускат журналист Дафне Каруана Галицианың өлімін тергеу кезіндегі жанжалдан кейін отставкаға кетті. Жемқорлықты зерттеген журналистке 2017 жылы қастандық жасалып, көлік жүргізіп бара жатқан кезде жарып жіберген. Марқұмның өліміне байланысты үш орындаушы қамауға алынды. Былтыр жылдың аяғында осы іске қатысы бар деген күдікпен атақты кәсіпкер Йорген Фенек тұтқындалған. Премьер-министр Джозеф Мускат бір ай ...

Read More »
Яндекс.Метрика