Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Әлеумет » Кентауда мүгедектерге арналған ерекше оқу орны бар

Кентауда мүгедектерге арналған ерекше оқу орны бар

Елімізде ақыл-ойы дұрыс дамығанымен жүріп-тұруы қиын мыңдаған балалар бар. Оңтүстікте тап осындай тағдыр тауқыметін тартып жүрген ғаріп жандарға арналған арнайы оқу орны жұмыс істейді. Ол – Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты Кентау қаласындағы “Арнаулы кәсіптік колледжі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Бұл колледждің басқа білім беру ұйымдарынан бір ерекшелігі – білім, әлеуметтік сала және медицина саласы қатар қамтылған. Яғни мүмкіншілігі шектеулі жандар осында денсаулығын нығайта жүріп кәсіби білім ала алады. Аталған мекемеге жыл сайын жасы 15-тен жоғары ІІ–ІІІ топ мүгедек балалар қабылданады. Оған өзге біреудің көмегінсіз жүре алатын І топтағы балаларды да қабылдауға мүмкіндік бар. Ескертетін жәйт – бұл жерде жасы 27-ге дейінгі, тіпті ерлі-зайыпты мүгедектер де білім алады. Ал бала-шағалары барлар қаладан қатынап оқи алады.

Қазіргі таңда аталмыш мекемеде электронды есептеу машиналарының операторы, есепші және тігінші мамандықтары бойынша 80 студент білім алуда. Олар колледждің жатақханасында тұрып, тегін білім ала алады, сонымен қатар, мүгедектік зейнетақылары толығымен сақталады. Студенттер шәкіртақымен қамтамасыз етілген. Оқу бітірген түлектерге «ЭЕМ операторы» «Есепші», «Тігінші» квалификациясы тағайындалып, мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.

Жалпы, осы тұста мына мәселеге назар аудару керек. Колледжге І топтағы мүгедек балалар және эпилепсия, туберкулез, психикалық жүйке ауруларымен сырқат балалар қабылданбайды екен. Колледж туралы толық мәлімет алғысы келген адам Кентау қаласының Қонаев даңғылындағы №28 үйде орналасқан білім ұясының өзіне баруға немесе 8-72536-4-06-54, 4-09-63 телефондары арқылы хабарласуларына болады.

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика