Deprecated: strpos(): Passing null to parameter #1 ($haystack) of type string is deprecated in /var/www/nysana.kz/public_html/wp-includes/functions.php on line 7053

Deprecated: str_replace(): Passing null to parameter #3 ($subject) of type array|string is deprecated in /var/www/nysana.kz/public_html/wp-includes/functions.php on line 2165
«70 үй құжатсыз отырғанымызға көп жыл болды» – Nysana.kz – Ақпарат агенттігі

«70 үй құжатсыз отырғанымызға көп жыл болды»

– Алло, бұл «Өзге пікір» газеті ме? Мен Шымкент қаласындағы Қазығұрт шағын ауданының тұрғыны Төребай Сыздықбеков боламын. Біздің тұратын жеріміз Қазығұрт шағынауданына қарағанының өзі дұрыс емес. Негізі ескі МАИ ғимаратынан бұрылғаннан кейінгі үйлредің барлығын «Ақжар нөмерсіз» деп атайды. Тұрғындар көшеге өздері Қазына деп ат қойып алған. Оның бір жерге тіркелген, тіркелмегенін ешкім білмейді. Бірақ балаларымыз №86 мектепке барады.

Айтайын дегенім, біз тұратын аумақта 70 шақты үйдің құжаты жоқ. Оқырман ұмытпаса осыдан он шақты жыл бұрын біз жақта үлкен дау-дамай болған. Біреулер жер сатқан, бірақ құжат жоқ. Содан адамдар баспана тұрғызып алғанда әкімдіктің адамдары келіп, үйлердің заңсыз салынғандығын ескертіп, барлығы бұзылады деген болатын. Тіпті тракторларды да алып келді. Бірақ көп адам далада қалсын ба, улап-шулап көшеге шықтық.

Сол кезде телеарналар мен газеттерден көп журналистер келіп, тұрғындардың жанайқайын қоғамға жеткізген болатын. Осылай бүкіл елге танымал болдық. Әбүйір болғанда баспанамыз бұзылмады. Бірақ, құжат жасауда әлі де қиындықтар кездесіп жатыр. Отырған жеріміз орман шаруашылығына қарасты екен. Әлгі дау туындаған кезде жергілікті әкімдер үй тұрғызылып қойған жерлерді орман шаруашылығының балансынан шығарып, тұрғын үй қажеттілігі үшін жеке азаматтарға беруге болатынын ескерткен. Бірақ, әліге дейін қолымызда заңды шешім болмағандықтан, құжат жасата алмай жүрміз. Мұндай құжатсыз үйлердің саны жетпіске жуықтайды. Солардың барлығы сарыуайыммен күн кешіп жүр. Әкімдер тым тырыс, тұрғындардың бармаған жері жоқ. Не істеуді де білмей отырмыз. Құжат жасатып беремін деп ақша сұрап жүргендер бар, бірақ «аузы күйген үрлеп ішеді» демекші, біз ешкімге де сенбей қалдық.

Қазір Абай ауданына келген жаңа басшы Б.Пармановты іскер, халықпен жұмыс істейтін адам деп естідік. Қаланың әкімі Ғабидолла Әбдірахымовқа қатысты да жақсы пікір айтушылар аз емес. Сол кісілер біздің «Ақжар нөмерсіз» аталып кеткен елді мекендегі жетпіске жуық үйдің проблемасын шешуге көмектессе екен. Ең болмағанда қабылдаса, мұңымызды айтып түсіндірер едік. Ауылда қарапайым адамдар тұрады. Бізде әкімдерге кіру мүмкіндігі жоқ. Сондықтан біздің жанайқайымызды билік басындағыларға жеткізсеңіздер екен.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған