Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Мəдениет жəне өнер » Ақынын еске алды

Ақынын еске алды

Жазылар естеліктер мен туралы,

Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.

Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,

Бүтінделмей кеткен бір ер тұрманы, – деп жыр жазған Мұқағали ақын көзі тірісінде өзіне лайықты бағасын ала алмай кетті дейтіндер көп. Дегенмен оқырманға ұмытылмастай жыр жолдарын қалдырған ақынның еңбегі бүгінгі ұрпақтың есінде.

«Бүгін менің туған күнім ой пәлі-ай! Мына адамдар неге жатыр тойламай», – деп іштегі мұң-шерін жырмен жектізген ақынның 9 ақпандағы туылған күнін бүгінде еліміздің білім ордаларында жыл сайын лайықты түрде аталып өтіледі. Соның бірі – Шардара қаласындағы Амангелді Иманов атындағы мектептің түлегі Асылзат Айтхалидың қолдауымен, ақынның творчествосына арналған «Бүгін менің туған күнім» атты жыр кеші өз деңгейінде өтті. Оқушылардың бірі жыр мен күйден шашу шашса, екіншісі актерлық шеберлігімен көрерменді тәнті етті. Кеш барысында қос ғашық махаббаты баяндалатын «Қош,махаббат!» пьесасынан үзінді көрініс құрылды. Көрермендер қосыла алмай кеткен Бану мен Бағдатты көргендей күй кешті. Көріністе Қосмағанбет Іляс, Мырсадық Айсымбат, Қосымбай Нұралы, Досмұхаммед Нұрай, Жамалбек Ұлжандардың актерлық шеберліктері көрерменді таңғалдырды. Оқушылардың кешке белсене қатысып, жауапкершілік таныта білгендеріне ұстаздар ұжымы қатты қуанды.

Кеш ақиық ақынның өмір жолын толық қамти білді. Қазақ әдебиетінен ойып тұрып орын алатын, өзіндік сара жолы бар поэзиясын оқыған көркемсөз шеберлері мен мектебіміздің жез таңдай әншілері Нұрбай Бекмұрат пен Уразбай Шерханның орындауларындағы әндер кештің сәнін келтіргендей. Кеш соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айнұр Ынтықбаева оқушыларға алғыс айта отырып, өзінің ыстық лебізі мен ақ тілегін білдірді. Әдеби кешке келген көрермендер қауымы рухани демалып қайтты.

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика