Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Құқық » Әдеп кодексі жат әдеттен арылтады

Әдеп кодексі жат әдеттен арылтады

Апта басында Шардара ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиевтің төрағалығымен әкімдіктің үлкен мәжіліс залында семинар-кеңес өтті. Аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, ауыл әкімдері мен дербес бөлім басшылары, басқа да мемлекеттік қызметшілер қатысқан жиында жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік қызметшілер тарапынан Әдеп кодексі талаптарының орындалуы бойынша атқарылған жұмыстар талқыланды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан әкімдігі мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп жөніндегі уәкілі Қалдықыз Қошимова есепті хабарлама жасады. Мұнан соң семинар-кеңеске арнайы келген облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Әмірдин Әлішев мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызметшілер арасында жүргізілген анонимдік сауалнаманың қорытындысын айтып өтті. Сонымен бірге Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалаларынан туындайтын талаптар жөнінде сөз қозғап, мемлекеттік қызмет саласында Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша оның болуы мүмкін тәуекелдері жөнінде өз ойын жеткізді.

Жиын соңында Әмірдин Мұхиденұлы тұрғындармен жеке қабылдау өткізіп, оларды толғандырып жүрген мәселелерге назар аударды.

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика