Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Дін мен дəстүр » Орамал күні

Орамал күні

Орамалдың қасиетін қаншалықты арттыра алмақ?

Ақпан айының алғашқы жұлдызын әлем халқының бұрымдылары орамал күні ретінде мерекелейді. Бұл күні барша қыз-келіншектер мұсылман қыздарына қолдау көрсету мақсатында орамал тағынады. Мұсылман қыздары дейтін себебіміз бұл күннің шығу тарихымен байланысты. Бангладеште дүниеге келген Назма Кхан есімді мұсылман қыз 11 жасында Америкаға қоныс аударады. Алайда ол жақта күнделікті орамал тағу мұңға айналған болатын. Өйткені орамалды жалғыз өзі ғана тағатын еді. Кейде сыныптастары Назманы мазақ қылатын. Жоғары оқу орнында орамалы үшін түрлі келеңсіз жайтқа тап болған кезі де аз емес. Қоғамның кертартпалығына қарамастан, қайсар қыз орамал сататын интернет-дүкен ашып, жаулықты одан сайын насихаттай береді. Бұр туралы Назма: «Қоржыныма көптеген хат келіп түскеннен кейін әлемдегі барлық мұсылман қыздарына бірден көмектескім келді. Солай халықаралық орамал тағу күнін атап өту идеясы туды. Егер әлемнің барша қызкеліншектерін бар болғаны бір күн орамал тағуға шақыра алсам, мүмкін бізге деген көзқарас та өзгеріп қалар», – деген болатын. Анығында орамал тек мұсылмандарда ғана емес барлық дінде бар. Сондықтан орамал тағу кемшілік емес, керісінше қыз баланың қорғаны деп түсінген дұрыс. Ал, әлемдік деңгейде аталып өтілетін бұл мереке қазақ арулары үшін орамалдың қасиетін қаншалықты ұғындыра, арттыра алар екен?

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика