Басты бет » Әлеумет » Жаңа жолақ қауіпсіздікті кемітуге қызмет етеді
Жаңа жолақ қауіпсіздікті кемітуге қызмет етеді
Қазір Қазақстанда, оның ішінде миллионды қала Шымкентте жол қозғалысының қауіпсіздігі күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі есептеледі. Шымкент қаласының әкімдігі осы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін көптеген жұмыстар жүргізуде. Соның бір дәлелі ретінде жуырда Т.Айбергенов көшесі бойында пайда болған 3D форматтағы жаяу жүргіншілер жолағын айтуға болады.
Жүргізушілер жолағын салуға бастамашы болған «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының төрағасы Рашид Аюповтың айтуынша, мұндай үлгідегі жолақтар батыс елдерінде қайғылы оқиғалар санын бірнеше есеге дейін қысқартуға жол ашқан екен. Үш өлшемді таңба үлгісінде жасалған жолақ жүргізушілер назарын өзіне аудармай қоймайды және жылдамдықты төмендетуге себеп болатын көрінеді.