Deprecated: strpos(): Passing null to parameter #1 ($haystack) of type string is deprecated in /var/www/nysana.kz/public_html/wp-includes/functions.php on line 7053

Deprecated: str_replace(): Passing null to parameter #3 ($subject) of type array|string is deprecated in /var/www/nysana.kz/public_html/wp-includes/functions.php on line 2165
«Қарамұрттық дәрігерлерден көңілім қалды» – Nysana.kz – Ақпарат агенттігі

«Қарамұрттық дәрігерлерден көңілім қалды»

Апта сайын редакцияға хабарласып, жеке және қоғамдық мәселені көтеріп жататындар аз емес. Біз олардың айтқандарының барлығын газетіміздегі «Өзге пікір» тыңдап тұр» айдарымен оқырман назарына ұсынып келеміз. Әріптесіміз Ұлан Жайлаубек те өзінің басынан өткерген жайтты баяндап берді.

«4 айлық баламыздың ыстығы көтеріліп, 23-маусым күні күндізгі сағат 10.30-да Сайрам аудандық ауруханасына жедел жәрдеммен бардық. Балалар бөлімінің кезекші дәрігері мен педиатор келіп ыстығын тексермей, Қарамұрттағы жұқпалы аурулар бөлімшесіне жіберді. Сол жедел жәрдем көлігімен бір сағаттан кейін Қарамұртта болдық. Ондағы кезекші дәрігер «Диатез» деген диагноз қойып, ұлымды алып қалғанымен, кешке дейін қарамады. Дәрі де екпеді. Баламның көп жылағаннан даусы қарлығып қалды.

Кешке дәрігер ауысты. Сағат 22.30-да мен одан неге балаға қарамай жатқандарын сұрағаннан кейін барып, көңіл аудара бастады. Сол кезде анализ алып, зертханаға ертең жіберетіндерін айтты. Сонда күні бойы олар не істеген? Дүйсенбі күні таңертең бөлім меңгершісі Фатима Қыстаубаевадан баламның жағдайын сұрағанда, ол тексерістің әлі бітпегенін, ал түске жақын диагнозды айта алмайтындарын хабарлады. Не үшін екенін түсіндіру былай тұрсын, қызмет бөлмесіне кіруге болмайтынын айтып, дөрекі сөйлейді. Түске таяу амал жоқ «жоғары жаққа» телефон соққаннан соң барып, «Балаңыз ОРВИ. Туылғаннан диатез», – дегенді әзер айтты.

Тағы бір таңқалғаным, диагнозы анықталмаған ұлымды қызылшаға шалдыққан нәрестелердің палатасына араластырып жатқызып қойғаны болды. Менің «Қарамұрт» БМСК дәрігерлерінің жұмысына көңілім толмады. Бұл жерде одан әрі қалатын болса ұлымның өміріне қауіп төндіріп алатынымды сезіп, түс ауа ол жерден алып кетпекші болдым. Бірақ оған дейін баламның жағдайына назар аудармаған дәрігерлер «қолхат жазбасам жібермейтінін» айтқасын, «Баламды Қарамұрт ауруханасына жатқызудан бас тартамын», – деп жазып кеттім. Содан Шымкент қалалық жұқпалы аурулар аурханасына алып барып едім, жақсы қабылдап дұрыс ем көрсете бастады. Содан бері арада екі күн өтті, ұлымның жағдайы жақсарып, езу тартып, күлетін болды. Тамақ ішуі де жақсарды.

Қарамұрттық дәрігерлер балаларға арналған арнайы тамақты (смесь) беруге тыйым салып еді, Шымкентте рұқсат берді. Сонда Қарамұрттағы дәрігерлер балаға не беруді де білмейтін болғаны ма? Айтқан жерден аулақ, егер ұлым сол дәрігерлердің кесірінен бір нәрсеге ұшыраса, олардың не деп ақталарын кім білсін? Әлде үйреншікті әдеттеріне басып, уақтылы келмеді деп бар кінәні өзімізге аударар ма еді?»

Бұған қарап, барлық дәрігердің жұмысына сын айтқан жарамас. Араларында өз ісіне адал берілген мамандар да аз емес. Дейтұрғанмен осындай олқы жағдайлар да болып тұратынын жоққа шығара алмаймыз. Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл жайтқа назар аударса екен дейміз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған