Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Әлеумет » «Жасыл қалалар» бағдарламасы

«Жасыл қалалар» бағдарламасы

Шымкенттің экологиясына ғана емес, экономикасына да оң әсерін тигізеді.

Кеңес дәуірі кезінде әлемдік арена былай тұрсын, Одақ көлеміндегі түрлі игіліктерден шет қалып, додаларға кіре алмайтын едік. Теңдесі жоқ Тәуелсіздіктің арқасында қазақстандықтар мен Қазақстан қалалары осы шектеуді бұзып, талай биіктерді бағындырып, шыңдарға шығып жатыр. Соңғы бір-екі жылдың көлемінде еліміздің атын әлемге әйгілеген Димаш Құдайберген мен Ержан Максимнің, кеше ғана халықаралық Витебскіде өткен «Славян базары» фестивалінің бас жүлдесін иеленген Әділхан Макиннің еңбектерінің өзі не тұрады? Сол секілді жеке азаматтардың ғана емес, қалалардың да мәртебесі биіктеп, халықаралық ареналарда асығы алшысынан түсіп келеді. Айталық, Шымкент қаласы 2020 жылы ТМД мемлекеттерінің мәдени астанасы мәртебесін иеленді. Бұл кез келген қалаға бұйыра бермейтін бақ. Енді, міне, үшінші мегаполис Қазақстанда алғаш болып «Жасыл қалалар» бағдарламасын жүзеге асыратын шаһар болып танылды. Бүгінге дейін бұл жобаны жүзеге асыру мүмкіндігі Киев, Львов, Минск, Белград, Бішкек, Мариупол, Сараево, Ереван, Тбилиси және басқа да осы секілді ірі қалаларға бұйырған.

Қуанышты хабар әлеуметтік желі арқылы тез тарады. Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Лондон қаласына іс-сапармен барып, Еуропалық қайта құру және даму банкінің штаб-пәтерінде болды. Осы сапар барысында Шымкент Қазақстандағы алғашқы және әлемдегі 31-інші қала ретінде «Жасыл қалалар» бағдарламасын жүзеге асыру мәртебесін иеленді. Қала басшысыны

ң айтуынша, екіжақты қол қойылған меморандумға сәйкес «Жасыл қалалар» бағдарламасы қаланы жарықтандыру мен жаңа кәріз тазарту жүйелерін іске қосып, қаржыландыруға мүмкіндік береді екен. Сонымен қатар, Шымкентте энергетика және коммуналды шаруашылық саласында заманауи экологиялық жобаларды енгізу белсенді түрде жүзеге асырылмақ. Болашақ жобалардың құны 100 миллион АҚШ долларын құрайды. Бұл Шымкент қаласы мен шымкенттіктер үшін күтпеген олжа, мол мүмкіндік деген сөз.

«Әлемдік «Жасыл қалалар» жобасы – ЕҚҚДБ бағдарламаларының негізгі құралы. Жоба қалалардың тұрақты дамуындағы стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге көмектеседі. Бұған қоса жоба аясында экологиялық проблемаларды – ауаның ластануы, жерді пайдалану, орталық жылу жүйесі, көлік кептелістері, қалдықтарды залалсыздандыру, сумен жабдықтау және кәріз жүйесі, су ресурстарын пайдалану мәселелерін шешудің инвестициялық жобалары мен іс-шаралары қарастырылған.

Әлемдік тәжірибеде «Жасыл қала» мәртебесі халықаралық қаржы ұйымдарының назарын аударып, жобаларды жүзеге асыруға инвестициялық мүмкіндік береді», – деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика