Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Құқық » «Садақа» ұрланды…

«Садақа» ұрланды…

Оқырманның есінде болса, біз газетіміздің бір санында сауда орындары мен дәмханалардағы садақа жәшігі туралы жазғанбыз. Тіпті соның заңдылығын тексеру керектігі туралы да ой тастаған едік. Бірақ бұл мәселе құзырлы органдарды қаншалықты ойландырғанын білмейміз, ал садақа жәшіктері күн санап көбеймесе азаятын сыңай байқалмайды. Тиісті орындарды қызықтырмаған садақа жәшіктері енді ұрлылардың назарына іліге бастапаты.

«Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 29 шілдесінде ұрлық жайты тіркелді. 28-нен 29 шілдеге қараған түні белгісіз тұлға қаладағы дүкендердің біріне қабырғасын бұзу арқылы кіріп, жетпіске жуық темекі, кассадан ақша және садақа салатын екі жәшіктегі ақшаны ұрлап кеткен. Осылайша дүкен иесіне 50 мың теңгеден астам сомада материалдық шығын келтірген. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полицейлермен күдікті анықталып, Еңбекші ауданының Полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы 2-бөлігімен «Ұрлық» сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», – деп хабарлайды Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ұрылардың енді садақаны олжа санап, жетім мен жесірдің, науқас пен мүгедектің несібесіне қол сұға бастағаны алаңдатады. Асылында «құдайдан қорықпағаннан қорық» деп осындайда айтылса керек-ті.

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика