Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Басты жаңалықтар » Келесте мұғалім мәртебесін көтеру

Келесте мұғалім мәртебесін көтеру

 қара жұмысқа жегумен жүзеге асырылады ма?

Міне, кезекті жаңа оқу жылы да табалдырық аттағалы тұр. Алғашқы қоңырау 1-қыркүйекте соғылғанымен, әрбір білім ұясында оған дейін қаншама қарбалас тірлік болып жатады. Жаңа оқу жылына дейін мектеп ғимаратын, қала берді әрбір сыныпты сақадай сай етіп дайындау керек.

Алайда қазір мұндай жөндеу жұмыстары үшін бұрынғыдай директордан бастап барлық мұғалімдер қалтадан қаражат шығармауы тиіс. Мемлекет жөндеу жұмыстары үшін қажетті мөлшерде қаржы бөледі. Ол мердігер компанияның есеп-шотына аударылады. Ары қарайғы жұмыс сол компанияның жауапкершілігінде. Олардың арасында жұмысты уақтылы әрі сапалы бітіріп, елдің алғысын арқалап жүргендері қаншама. Сонымен бірге өздеріне жүктелген міндетті мерзімінен кешіктіріп, созбалаңға салып, оқу процесінің басталуына кедергі келтіретіндер де жоқ емес. Ол аз десеңіз, қыркүйек жақындағанда жұмыстың жүрмеуінен мектеп ұжымын мәжбүрлі түрде жұмысқа жегу жәйттері де кездесетіні жалған емес. Сөзіміз дәлелді болу үшін біл жылға шегініс жасауға тура келіп тұр.

2018 жылдың 3

 

0 тамыз күні Келес ауданының Ұшқын ауылдық окрігіндегі Тоқаш Бердияров атындағы мектеп ұжымының ұстаздары хабарласып, тез арада мектепке келуімізді өтінген болатын. «Қазір біздің мект

 

епке келе аласыздар ма? Сарыағаш ауданының әкімі Қайрат Әбдуәлиев пен Келес ауданының әкімі Ахментай Есбаев жиналыс жасап жатыр. Ол кісілер мұғалімдер мен техникалық жұмысшыларға «бүгін-ертең осы жерде түнесеңдер де 1-қыркүйекке мектеп дайын болу керек» деген тапсырма беруде. Қанша күш жұмсасақ та екі күнде жұмыс бітпейді. Ал мердігер компанияның адамдары жоқ. Жалпы, құрылысқа бізді қатыстырғаны дұрыс па?» – деген соң, ертеңіне, яғни 31-тамыз күні аталмыш мектепке бардық. Расында мектептің іші-сырты құжынаған адам екен. Сұрастырып көргенімізде мектеп қызметкерлерінің бір тобы бізді «мердігер компанияның адамдарымыз» деп алдағысы келсе, екіншілері «мектеп ертеңге дайын болу үшін өз еркімізбен көмектесіп жүрміз» дегенді айтты. Бірақ маман болмағандықтан олардың істеген құрылыс жұмыстарының сапасыздығы сол кезде-ақ көзге көрініп тұрды. Линолиумдардың арасында ауа қалғандықтан әр жері көтеріліп жатқанын, оның ұзаққа бармайтынын құрылысшы болмасақ та сол кезде ескерткенбіз.

Біздің келгенімізден хабардар болған Келес аудандық білім бөлімі басшысының сол кездегі міндетін атқарушысы болған Мұқағали Омаров көп ұзамай аталмыш мектепке ат басын бұрыпты. Жұмыстың созылғанын мойындаған ол мердігер компанияның банктегі есебі шотына тоқтам қойылғандықтан қиындыққа ұшырағандарын айтып, соған қарамастан 10-15 күнде жұмысты бітіртуге уәде еткен еді.

 

Осы олқылықтың салдарынан Т.Бердияров атындағы мектептің оқушылары бір ай бойы көрші ауылдағы №138 мектепке қатынап оқыды. Ол үшін арнайы қаржы бөлініп, бала тасымалына 12 «Газель» көлігі қойылды. Осылайша мердігердің жауапсыздығынан артық шығынға жол берілген болатын. Кейін ол қаражат мердігерден өндірілді ме? Бұл енді өз алдына бөлек әңгіме болмақ.

Қос әкімнің қадағалауымен мектептің жөндеу жұмыстары әупірімдеп аяқталып, оқушылар кеш те болса өздерінің білім ордаларына оралды. Содан бері де бір жыл уақыт өтіпті. Сол мектептің биылғы жағдайы қалай екен деген қызығушылықпен кешегі аптада, яғни 22-тамыз күні әдейілеп тағы бардық. Мәссаған, бір жыл бұрын ғана күрделі жөндеуден өткен мектептің ішінде қайтадан ақтап-сырлау, линолиумдарын ауыстыру жұмыстары жүріп жатыр екен. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де көргеніміз осы болды. Мұғалімдер болса тағы да «жөндеу жұмыстарын өз еріктерімен істеп жатқандарын» айтып ақталды. Ауызша осылай айтқандарымен, олардың ішкі жан-дүниесінде қандай ой-толқулар жатқанын кім білсін!

 

Кез-келген күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін мердігер компания мойнына алатын кепіл мерзімі деген болады емес пе? Неге сапасыз атқарылған жұмыстардың салдарынан мектеп ұжымы зардап шегуі керек? Неге олар өз қалталарынан ақша жинап, құрылыс материалдарын сатып алуы тиіс? Бір жылға да жетпейтін ол қандай күрделі жөндеу? Ол қалайша тиісті мекемелер тарапынан қабылданып кеткен? Осы секілді сауалдарға жауап беретін адам бар ма?

Біз аталған мектептегі жөндеу жұмыстары жайында Келес аудандық білім бөлімінің басшысы Бақтияр Әбдиевтен сұрап көрдік. «Директоры ленолиум деп бірдеңелерді айтып жүр еді,– дейді бөлім басшысы бұл жұмыстан хабарсыз екенін білдіріп. – Өткен жылы ғана күрделі жөндеу жүргізілгендіктен оған мән бермедік. Сол кездегі тапсырыс беруші – Сарыағаш аудандық білім бөлімі болатын».

Шындығында ол мектепте жөндеу жұмыстары басталғанда Б.Әбдиев былай тұрсын Келес ауданының өзі құрылмаған болатын. Сондықтан бұл мәселеде Келес ауданының басшыларын кінәлау орынсыз болар. Бірақ мердігерді жауапқа тартуға неге болмасқа? Себебі биыл ауыстырылмаған линолиумдардың жыртылған жерлерін скотчпен жамап, көзбояушылыққа жол берілгені көрініп тұр. Ал ол бір аптаға, әлде бір айға шыдай ма, ол жағына енді уақыттың өзі төреші болмақ.

Ең сорақысы – мемлекет басшысының өзі кешегі өткен тамыз конференциясында мұғалімдерді өздеріне қатысы жоқ жұмысқа жекпеу, мұғалім мәртебесін көтеруге күш салу керектігін айтып жатқанда келестік шенеуніктердің ұстаздарды қара жұмысқа салғаны қаншалықты дұрыс?

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика