«Өзге пікірдің» сыйлығы көпбалалы отбасы балаларына арналды

27 тамыз күні Шардара қаласындағы «Абай» мәдениет сарайында аудандық білім қызметкерлеріне арналған «Тамыз кеңесі» болып өтті. Оған аудандағы барлық мектептің басшылары мен ардагерлер қатысты. Жиында республикалық және облыстық кеңесте берілген тапсырмаларды мектеп өміріне дендеп енгізу жөнінде айтылды. Сонымен бірге өткен оқу жылында өзінің ұйымдастыру

шылық қабілетінің жоғарылығымен, біліктілігімен көзге түскен ұстаздар облыстық білім басқармасының, аудан әкімінің, аудандық мәслихаттың және білім білімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Солардың арасында «Егізқұм» орта мектебінің директоры Маханбет Қабай «ҚР Білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін, Білім Беру Ісінің Құрметті Қызметкері» төс белгісімен марапатталды. «Еңбектің еленгені жақсы. Мен мұндай марапат болады деп ойлағаным жоқ. Бұл марапат жұмысты бұрынғыдан да жандандыруға септігін тигізеді деп ойлаймын. Артылған сенімді ақтауға барымызды салатын боламыз», – дейді марапат иесі.

Тамыз кеңесінен кейін аудандағы барлық директорлар Б.Соқпақбаев атындағы мектепте бас қосып, жаңартылған білім беру бойынша секциялық жұмыстардың барысын талқылады. Онда Қызылқұм мектебінің директоры Нұрлан Сазанбаев пен Кәттәбеков атындағы мектептің директоры Нұркен Кәттебеков баяндама жасады. Осы жиында Шардара аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының төрағасы Ұлықбек Жұман директорлар алдында «Өзге пікір» газеті ұжымының атынан арнайы көпбалалы отбасы балаларына дайындалған сыйлық пен марапат қағаздарын тапсырды.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған