Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Әлеумет » Айтаханов тағы да шеткі аймақтарға шықты

Айтаханов тағы да шеткі аймақтарға шықты

Шымкент қаласының әкімі  Ерлан Айтаханов 11-қыркүйек күні «Асар-2» шағын ауданына барған сапарындағы «Мегаполис болған соң шалғай жатқан аудандарға да аса көңіл бөлуіміз керек», – деген сөзін жергілікті тұрғындар бір кісідей құптады. Өйткені, Шымкенттің орталық аймақтарынан гөрі шеткі аймақтарында шешімін күткен мәселе көп.

Аталған ауданның тұрғындарымен кездескен шаһар басшысы бірнеше мәселелерді өз көзімен көріп, халықпен сұхбаттасты. Сапалы ауыз су, табиғи газ, электр жарығы және жол мәселесін көтерген тұрғындар бұл проблемалардың ұзақ жылдар бойы шешілмей жатқандығы жөнінде назын айтты. Өз кезегінде Ерлан Қуанышұлы аталмыш проблемалармен құлағдар екенін, тұрғындармен сол үшін жеке кездесуге келгендігін жеткізді.
«Шымкент – мегаполис қала. Демек, біз мегаполиске лайықты жұмыс істеуіміз қажет. Иә, қала орталықтары әсем де көрікті болуы керек. Бірақ, ол шалғай жатқан аудандарды ұмытып кетуіміз керек деген сөз емес. Яғни, қаламыздың шалғайда жатқан аудандарына аса көңіл аудару басты міндеттеріміздің бірі деп есептеймін. Біз ең бірінші қажет етіп отырған мәселелерді шешумен айналысатын боламыз. Қалған инфрақұрылымдар өз ретімен шешілетін болады. Халықтың әл-ауқаты мен тұрмысын көтеру басты мақсатымыз. Сол себептен де күн-түн демей еңбек етудеміз. Жұмыс жүйелі істелінуі қажет. Сонда ғана нәтижеге жетеміз», – деді шаһар басшысы.

Кездесу барысында Ерлан Қуанышұлы тұрғындардың ең бірінші сұрап отырған ауыз су, электр жарығы және жол мәселесін келер жылдың бюджетіне толықтай енгізіп, өз шешімін табатындығын жеткізді. Сапарын қорытындылай келе қала әкімі жауапты сала басшыларына жұмысты жандандырып, бұл мәселелер өзінің тікелей бақылауында тұрғандығын қадап айтты.

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика