Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Әлеумет » Өз бетімен салынған құрылыс өз есебінен бұзылуға жатады

Өз бетімен салынған құрылыс өз есебінен бұзылуға жатады

Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мекемелері азаматтар мен заңды тұлғаларға қатысты өз бетімен салынған құрылысты мәжбүрлеп бұздыру туралы сотқа талап қою арыздарын беріп, олар қанағаттандырылып жататын жағдайлар аз емес.

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» туралы Заңының 68 бабында құрылыс процесiнде орындалуға және сақталуға тиіс рәсiмдер мен талаптар көрсетілген. Азаматтық кодекстің 244 бабының талаптарына сай мемлекетке тиесілі, жер учаскелері болып қалыптаспаған жерде, құрылысты жүзеге асырған тұлғаға тиесілі емес жер учаскесінде салынған, сондай-ақ бұл үшін жер заңнамасына, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға және өзге де заңнамаларға сәйкес қажетті рұқсат алынбай салынған тұрғын үй, басқа да құрылыс, ғимарат немесе өзге де жылжымайтын мүлік өз бетінше салынған құрылыс болып табылады. Өз бетiмен салынған құрылыс оны жүзеге асырған адамның есебiнен бұзылуға тиiс.

Сондықтан құрылыс жүргізер алдында жоғарыда көрсетілген заң талаптарын сақтау қажет. Олай болмаған жағдайда соғылған құрылыс өз бетімен салынған болып есептелуі мүмкін.

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика