Елімізде осы жылдың 11 қыркүйегі мен 30 қарашасы аралығында Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен ересек тұрғындарға темекі өнімдерін қолдану туралы маңызды сауалнама жүргізілмек.
Ақпараттық-есептік орталық (АЕО) қызметкерлері электронды құрылғы (планшет) көмегімен отбасының бір тұрғынынан темекі өнімдерінің әр түрлерін пайдалану (пассивті темекі шегу, экономикалық аспектілер, білім және темекіге қатысты) мәселелері бойынша сұрайтын болады. АЕО қызметкерінде өзімен бірге фотосуреті және аты-жөні көрсетілген интервьюер куәлігі, темекіні пайдалану бойынша сұрау туралы ақпараттық хаттарының көшірмелері болады.
Бұл жобаның табысты іске асуы үшін әрбір таңдалған респонденттің сауалнамаға қатысуы өте маңызды. Сауалнамаға қатысушы ұсынатын ақпарат толық құпиялылық жағдайында сақталады. Жеке ақпарат басқа біреуге, оның ішінде отбасының басқа мүшелеріне хабарланбайды. Сауалнама нәтижелері ҚР Денсаулық сақтау министрлігі халықтың денсаулығын сақтау мақсатында пайдаланылатын болады.