Елімізде жұмыс істейтін немесе жұмыссыз қыз-келіншектерге балалы болуына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы бірдей беріледі.
Мәселен бірінші, екінші және үшінші бала үшін аналарға 38 АЕК төленеді. Ал төртінші және одан кейінгі әр бала үшін 63 АЕК мөлшерінде жәрдемақы қарастырылған. 2019 жылы 1 АЕК 2 525 теңгені құраса, 2020 жылы ол 2 651 теңге болады.
Демек, 2019 жылы туған бірінші, екінші және үшінші бала үшін 95 950 теңге берілсе, төртінші және одан кейінгі нәресте үшін 159 075 теңге төленді.
Ал 2020 жылы дүниеге нәресте әкелген аналар сәйкесінше 100 738 және 167 013 теңге жәрдемақы алады.
Жұмыс істемеген немесе ресми табысы болмаған аналарға бала дүниеге келген соң бір жыл бойы бекітілген ай сайынғы жәрдемақы төленіп тұрады. Олардың мөлшері мынадай: 2019 жылы бірінші бала үшін – 5,76 АЕК, яғни 14 544 теңге, ал 2020 жылы – 15 270 теңге. 2019 жылы екінші балаға 6,81 АЕК немесе 17 195 теңге, 2020 жылы – 18 053 теңге. 2019 жылы үшінші балаға 7,85 АЕК немесе 19 821 теңге, 2020 жылы – 20 810 теңге. Төртінші және одан кейінгі нәресеге 2019 жылы – 8,9 АЕК немесе 20200 теңге, 2020 жылы – 23 593 теңге.