Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Әлеумет » Таза су мен таза ауа – ғаламдық мәселеге айналуы мүмкін

Таза су мен таза ауа – ғаламдық мәселеге айналуы мүмкін

Мен көптеген газеттерді оқып, телеарнадағы жаңалықтарды тыңдап отырамын. Сондай көңілге қонымды сұхбатты «Оңтүстік Қазақстан» газетінің қараша айындағы нөмірінің бірінен оқыдым. Журналист Өмірзақ Ақжігіттің архитектор Бақыт Әшірбаевпен сұхбаты маған үлкен ой салды. Ол мақалада алдағы жүз жылдық ғылыми еңбектер дәлелді етіп берілген.

Сол мақалады Б.Әшірбаевтың айтқандарын әл-Фараби атасының сынығындай неткен ұшқыр ой деп қабылдап, өзімнің де жан дүниеме тыныштық бермей жүрген 2-3 мәселені өзім сүйіп оқитын «Өзге пікір» газеті арқылы көпшіліктің назарына жеткізбекпін. Ел іші халық кеніші деп бекерге айтылмағаны белгілі. Жұрт оқысын, қажет деп тапса пікірін айтар. Әйтпесе өз ойым өзімдікі ғой.

Ислам Әбіш Су ресурстары комитетін басқарып тұрғанда Өгем тауынан бес ауданды үлкен құбыр арқылы таза сумен толық қамтуға болатынын айтты. Бірақ содан бері төрт жыл өтсе де қимыл жоқ. Өгем Жетісайдан 125 метр биіктікте орналасқанын да ескертті. Аталған  аудандарда су талапқа сай емес және қолжетімсіз. Төмен құлдилаған судың бойына екі жерге генератор қойып, электр энергиясын өндіруге болатынын басшылар білсе ғой шіркін.

«Егемен Қазақстан» газетіне бір кездері Австралияда суды 100 метр биіктіктен құбырмен тастап, генератор қою арқылы жер қыртысын аудармай бір ағашты қозғамай, жерді суландырып және электр энергиясын өндіріп отырғаны туралы жазды. Сызбасын да көрсетті. Неге бізде солай жасамасқа? Қазақстанда су тартса да, газ апарса да жерді қопарады да жатады. Тағы бір айтатын мәселе – оттегіні бейжіңдіктер Канададан конистрмен тасып келіпті. Бір ыдыстың бағасы біздің ақшамен – 20 мың теңге. Соңғы кезде таза ауа ол жақта қымбатқа түсіп, Алтай өлкесінен тасымалдауда. Таза су мен таза ауа алдағы уақытта өте қиын мәселеге айналады деп болжануда.

Біз болсақ оттегіні қолдан жойып жатырмыз. Есепсіз автокөлік газбен жүрсе ауа бүлінбейді деп өзімізді жұбатамыз. Жоқ, ол оттегіні жұтып жояды. Бір үлкен ұшақ Ташкенттен Мәскеуге жеткенше 40 тонна керосинді жағып, Келес ауданының халқы бір жыл тұтынатын оттегіні жояды. Бұдан шығатын қорытынды – халыққа түсіндіріп, қалада немесе өзіміздің Абай ауылында жол кептелісін болдырмау. Сонымен бірге «өзің тұтынатын таза ауаны сақта» деген мағынада конкурс жариялау керек. Ел ішінде білімділер аз емес. Олардың арасынан озық ойлылардың шығарына кәміл сенемін. Бүгінде дүние жүзінде оттегіні 1950 жылға қарағанда 10 есе көп қолданып жатыр екен. Бірақ соның орнын қалай толтырылып жатыр, осы жағы мені толғандырады. Соңғы кездері адамдардың денсаулығы да нашарлап кетті. Аурудың көбеюіне осы жайттар себеп болып жатқан жоқ па деген  күдігім де жоқ емес. Таза ауаның су мен астан да қадірлі екені белгілі. Суға, асқа бірнеше күн төзуге болар. Ал оттегінсіз адам бір минут та өмір сүре алмайды.

Қытай таза ауаны электромобильдерді шығару арқылы шешуге бар күшін төгіп, субсидия беріп, тұтынушыны ынталандыруда. Ресей алдағы уақытта таза суды мұнай мен газ секілді өздерінің қолындағы басты күші ретінде пайдаланбақшы. Бір кездері адамға мұнай мен газ да керексіз болып қалуы мүмкін. Бірақ адам таза ауа мен таза сусыз өмір сүре алмайтынын естен шығармаған абзал. Бізде небір жақсы идея, керемет бастамалар бар, неге екені белгісіз солардың авторын тыңдап, қолдамаймыз ғой. Мысалы, 1972 жылы Келес совхозының бас инженері Түймебай Егемқұловты совхозға деректор сайлады. Ол бір жылда басқарған ұжымды облыста бірінші орынға шығарды. Келесі жылы оны Ғани Мұратбаев совхозына директорлыққа тағайындады, оны да бір жылда облыста алдыңғы қатарға көтеріп, мемлекеттік тапсырманы 150 пайыздық көрсеткішпен орындады. Жеті жылдай ауданда алғы шептен көрініп жүрді.

Менің айтпағым, шағын мекемеден бастап, үлкен кәсіпорындарда жетістікке жету – бірінші басшыға байланысты. Себебі біз барды жоқ ететін де, жоқтан бар құрайтындарды да көзбен көріп өскен ұрпақпыз. Соны кейінгі жастардың білмейтіні, ескермейтіні өкінішті-ақ.

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика