Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Басты жаңалықтар » Қарабұлақта қатені жөндейтін адам жоқ па?

Қарабұлақта қатені жөндейтін адам жоқ па?

Қазақстанда мемлекеттік тіл туралы Заң бар. Оны орындау кез келген қазақстандықтың парызы. Егер оны бұзғандар болса тиісті шара көрілуі тиіс. Бірақ, соңғы кездері бұған назар аударып жүрген ешкім жоқ секілді. Әркім ойына келгенді жазып, қыстыра береді.

 

Мұны бақылайтын ресми орган құрылуы керектігі туралы қанша жылдан бері айтылып келеді. Бірақ нәтиже жоқ. Кезінде тіл полициясын құру туралы бастама көтерілген болатын, өкінішке орай жоғарыдан қолдау таппады. Егер тіл полициясы құрылып, олар қате жазуларға айыппұл салғанда, бұл уақытқа дейін бүкіл қазақстандықтар мемлекеттік тілде дұрыс жазуды үйренген болар еді. Сол арқылы қазынаға да қомақты қаржы түсіп, бюджеттің бір жағын толтырарына сеніміміз кәміл. Көшедегі сауатсыздықтан да құтылған болар едік.

Жасыратын жоқ, туристер аз келетін елімізде оларға арнап полиция жұмыс жасайды. Келгендерді ертіп жүру үшін ағылшын және басқа тілдерді білетіндерді көбейтеміз, бірақ қазақ тіліне көңіл бөлінбейді.

Жуырда Сайрам ауданының Қарабұлақ ауылынан Әбдірақым Тұраев есімді тіл жанашыры хабарласты. Ол кісі көшедегі қате жазуларға кімнің жауап беретінін білгісі келетінін жасырмады. «Біз мемлекеттік тіл, қазақ тілін қастерлеуіміз керек, – деді Ә.Тұраев. – Өзім өзбекпін. Бірақ қазақ тіліне деген құрметім ерекше. Осы елдің суын ішін, нанын жеген соң, тілінде құрмететуіміз керек. Тіл ол мемлекетті біріктіретін құрал болуы тиіс. Әр ұлт өз тілінде сөйлей берсе, бірлігіміз қайда қалады. Қазақастандағы барлық ұлт бір қазақ ұлтының, бір тіл қазақ тілінің төңірегіне топтасуымыз керек. Сол себепті мен мемлекеттік тілдегі қате жазуларды әр кез айтып, түзетіп жүремін.

Қарбұлақта 60 мыңға жуық халық тұрады. Күн сайын келіп кететіндердің есебін ешкім алмайды. Солардың барлығы қате жазуларды көріп жүре береді. Тіпті олар солай жазылады деп қабылдайтын болса, мен оған таң қалмаймын. Мысалы, әкімдік орналасқан Қарабұлақтағы Кеңес одағының батыры Таштемір Үрістеміов атындағы көшеде NIK супермаркетінің жарнамасы тұр. Былайша көпшілік жүретін, көз тартар жерге орналасқан осы жарнаманың қатесіне әкімдік мамандары да, басқалар да қарамайды. Әлде олардың сауаты жетпей ме, осы жағы маған түсініксіз? Әйтпесе «Жаңа жыл науқаны», «15000 теңгеден»  деген сөздерде «ң», «қ» әріптерінің аяғы түсіп қалып, онына «н» мен «к» тұр. Бұл қате. Жарнама беруші мен жасаушы қазақ тілінде ондай әріптердің бар екенін білмейді дейін десең, сол әріптер бар басқа сөздерді дұрыс жазған. Демек бұл жерде сауатсыздық немесе салғырттыққа жол беріліп отыр.

Өкінішке орай, соны бақылайтын бір адамның Қарабұлақта табылмауы көңілге кірбің ұялатады екен. Сонда бұл мемлекеттік тілді менсінбеуме, әлде оның астарында басқа мәселе бар ма?

Қазір ауыл әкімдеріне үлкен мүмкіндіктер беріп отыр. Олар жарнамадан табыс табулары керек. Бірақ мұндай қате жарнамамен емес. Сол жерге жарнама қыстыратыны туралы, супермаркет басшылары әкімдіктен рұқсат алған болар. Олай болса, әкімдік ол жерге қандай мағынада жазу болады, ол қалай жазылады деп бақылау жасаулары керек қой».

Оқырман көтерген мәселе өте маңызды. Қарабұлақ ауылындағы қателерді жөндеуге округ әкімінің шамасы жетпейтін болса, бұл мәселемен Сайрам аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің айналысқаны дұрыс шығар. Қалай болғанда да аудан тізгінін ұстаған тәжірибелі Ұласбек Сәдібеков бұған дейін білгенін істеп келген сайрамдықтарды тәртіпке келтіріп, сауатты жазуға шақырар деген үміттеміз.

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика