Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Әлеумет » Aрзан бағада сатылуда

Aрзан бағада сатылуда

Жаңа жылға санаулы күндер қалды. Бұл уақытта азық-түліктің бағасының шарықтап кететінен тұрғындар үйреніпте қалған. Сондықтан болар апта бұрын қамданып, керек-жарақты ерте алып қойып жатқандарда жоқ емес. Осындай келеңсіздікті болдырмас үшін Түркістан қаласында қымбатшылықтың алдын алу жұмыстары басталп кетті. Бұл жөнінде облысы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі былай деп хабарлайды:

«Кәсіпкерлік және сауда басқармасы мен Түркістан қалалық әкімдігінің мамандары «Алтын бұлақ», «Қуаныш» базарлары мен «Шапағат», «Бәйтерек» сауда орындарында болып, әлеуметтік тауарлардың бағасына мониторинг жұмыстарын жүргізді. Қала әкімінің орынбасары Тәжібек Мұсаев бастаған жұмысшы топ кәсіпкерлерді азық-түлік бағасын негізсіз қымбаттатпауға шақырды.

«Бүгінгі шара барысында көтерме сауда орындарынан тауар алып, қымбаттау бағада саудалап отырған сатушыларды анықтадық. Қазіргі таңда оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Мұндағы мақсат – әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке жататын тауардың бағасын тұрақтандыру. Кәсіпкерлер түсіністікпен қарап, мәселе оң шешімін тауып келеді. Нәтижесінде базардағы азық-түліктің бағасы тұрақтанып отыр», – деді Т.Мұсаев.

Одан бөлек, қала әкімінің орынбасары келесі жылдан бастап әлеуметтік азық-түлік түрлеріне жататын тауарлардың бағасын тұрақтандыру мақсатында арнайы заң күшіне енетінін ескертті. Заңға сәйкес, кәсіпкерлерге тауардың бағасын көтерме саудадан 15-20 пайыздан артық сатпау туралы талап қойылады. Ал, оны орындамай, азық-түлік бағасын негізсіз көтерген сатушылар жауапқа тартылмақ.

Бұдан өзге, кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Н.Байғұт пен Тұрақтандыру қорының мамандары қаладағы бірқатар сауда орындары мен әлеуметтік дүкендерді аралап, азық-түлік бағасының тұрақтылығына көз жеткізді. Мамандар тұрақтандыру қорының арқасында азық-түлік бағасының көтеріліп кетуіне тосқауыл болып отырғанын айтты. Қала тұрғындары да әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер тізіміне енген тауарлар қалтаға қонымды бағада саудаланып жатқанын растап отыр».

Әкімдік тарапнан қолға алынып жатқан бұл жұмыстар өз жемісін беруде. Қазірдің өзінде «Дастархан», «Даулет», «Шапағат», «Бәйтерек», «Береке» сауда үйлеріне және «Қуаныш» базарына Тұрақтандыру қорының тауарлары жеткізіліп жатыр екен. Осындай шаралардың нәтижесінде аталған сауда орындарында нан -75, пияз – 53, сәбіз – 72, картоп – 85, қырыққабат – 90, қарақұмық – 105 және құмшекер – 205 теңгеден саудалануда. Сондай-ақ, қалада арзан бағада азық-түлік сататын он төрт әлеуметтік дүкен де өз жұмыстарын жалғастырып келеді.

Қымбатшылыққа қарсы тұратын мұндай шаралар алдағы уақытта жалғасын таба бермек. Мұндай бастамаға бірінші кезекте қарапайым тұрғын риза болып, алғыстарын жаудыруда.

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика