Жасыратыны жоқ, бүгінде аудандық білім бөлімдері әкімдердің ақша салатын қалтасына айналғаны туралы ел ішінде сөз көп. Әрине, мұның қаншалықты рас өтірігін біз білмейміз. Бірақ «жел тұрмаса шөптің басы қималдамайтынын» ескерсек айтылған сөзге сенуге болатын секілді.
2021-жылдан бастап білім бөлімдері таратылады деген шындыққа айналуға жақын. Осыған байланысты «енді әкімдікке келген қонақтарды кім күтеді?» – деген сөзді де есіте бастадық. Егер көпшілік қателесіп, есітіп жүргеніміз өсек болса мұндай сөз айтылмауы керек қой. Бұл жөнінде кешегі аптада редакцияға хабарласқан газет оқырманы Ақтөре Еламан былай дейді: «Маған «Өзге пікір» газетінің оқырмандармен тығыз байланыста болатыны ұнайды. Бүгінгідей айтқаныңды тыңдата алмайтын, біреуге ойыңды жеткізе алмайтын уақытта тым құрыса газет арқылы шер тарқатқан дұрыс деп ойлаймын.
Мен ұстазбын. Оны мақтан тұтамын. Әкімдіктің сайлауы, халық санағы барлық жұмысы біздің мойнымызда. Сенбіліктерді бізсіз өтпейді. Анайылау айтқанда алдыңғы шепті болып, отпен өрттің ортасына алғаш болып түсетін біз. Бірақ ұстаздардың еңбегі ешқашан еленген емес.
Бізді қойшы директорлар мен бөлім басшыларның өзі мерекелерде далада қалып жатады. Қазір аудандар мерейтойларын тойлап жатыр. Соның барлығын атқаратын мұғалімдер. Келген қонақты күтудде біздің мойнымызда. Қонақтар келеді, ішеді, жейді кетеді. Солардың біреуі аста төк болып жайылған дастарханның иелері кім екенін ойлаған емес. Тім құрысы ір ауыз жылы сөзінде айтпайды. Есесіне рахметтің барлығын алатын аудан басшылары. Мейлі олардың да еңбегі бар шығар, бірақ сондай жағдайлардан кейін қашанға дейін біз тасада қала береміз деген ой келеді.
Тағы бір мысал, қазір барлық ауданда мәслихаттың 25 жылдығы аталып өтіп жатыр. Соған мұғалімдерді шақырған емес. Егер сол залға адам толтыру керек болса, міндетті түрде әр мектептен 5-10 адамнан шақырып, отырғызып қояды. Ал мұндай салтанатты жиында ұстаздарды шақыруды ұмытып кетеді.
Есітіп жүрміз мәслихаттар өздерінің 25 жылдығында медаль жаудырыпты. Алмаған адам қалмаған секілді. Қазіргіден бастап, бұрынғы депутаттардың бәрі алған. Ардагер дейсіз бе, қоғамдық ұйым өкілдері дейсіз бе, мұндайда марапатсыз қалмайды. Ал мұғалімдерге тым құрыса, базарда 50 теңгеден сатылып жатқан Мақтау қағаздарында бермейді.
Мәслихаттың жиынынан шыққан директорымыз мектепте отырғанда: «Мәсилхаттың барлық адамы медаль алды. Тек еден жуушы ғана қалды. Негізі шынайы еңбек сол кісінікі еді. Бәріне беріп жатыр екен, неге еден жуушыға бермеген? Мен соған таң қалдым. Біреуді күтетін кезде шақырып алып тапсырма бергенде жақсы. Бірақ бір директорға сондай марапаттың бұйырмағанына ашуымыз келді. Бізді қойшы, сол жерде бөлім басшысы да отырды. Тым құрыса сол кісіге беру керек еді», – деп наразылық білдірді.
Бұдан кейін директорлар қол жеткізе алмай жүрген медаль туралы қарапайым мұғалімдер армандамай-ақ қойса болады екен деген ойда қалдық».
Әрине, А.Еламанның айтып отырғаны бүгінгі күннің ащы да болса шындығы. Негізі қандай марапатқа да ұстаздан артық лайқ ешкім жоқ дегенді барлығы айтады. Бірақ неге екені белгісіз, сол марапатты тараттарда ұстаздардың ұмыт қала беретіні өкінішті-ақ.