Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Құқық » Журналистің өлімі

Журналистің өлімі

Премьер-министрдің отставкаға кетуіне себеп болды

Мальта премьер-министрі Джозеф Мускат журналист Дафне Каруана Галицианың өлімін тергеу кезіндегі жанжалдан кейін отставкаға кетті.

Жемқорлықты зерттеген журналистке 2017 жылы қастандық жасалып, көлік жүргізіп бара жатқан кезде жарып жіберген.

Марқұмның өліміне байланысты үш орындаушы қамауға алынды. Былтыр жылдың аяғында осы іске қатысы бар деген күдікпен атақты кәсіпкер Йорген Фенек тұтқындалған. Премьер-министр Джозеф Мускат бір ай бұрын жұмыстан кететінін айтқан. Оның алдында белсенділер журналистің өлімін тергеу ісіне көңілі толмайтынын жеткізген.

Басқарушы партия жаңа премьер-министр етіп 2009-2014 жылдары үкімет тізгінін ұстаған Джордж Абелдің ұлы Роберт Абелді сайлады.

 

 

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика