«Банктерге көп қаржы бөлу – бүлікке бастауы мүмкін»

«Егер Үкімет қайтадан банктерге шектен тыс көп ақша берсе, әлеуметтік бүлікшілік болатынын жоққа шығармаймын. Адамдар көмекке тәуелді болса түсінемін, бірақ, біз неге банкке көмектесуіміз керек? 450 миллиард – Қазақстанның батысын оңтүстікпен байланыстыратын Бейнеу-Бозой жолын салғаннан қымбат! Банктерге неге көмектесе береміз? Банкрот ету керек оларды!

 

Сосын кейбіреуі өз банктерін мемлекетке 100 теңгеге сатты (мысалы, Альянс банкі). Олар өздерінің қаржылық проблемаларын мемлекеттің мойнына іліп қойып, қазір рахаттанып отыр. Демек, банктерге көмектесудің мүлде қажеті жоқ! Одан да банкротқа ұшырағандары артық!» – деп facebook парақшасында жазған Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Мұхтар Тайжанның пікірінше, банктер осы уақытқа дейін ақшадан тарыққан адамдарға жасырын түрде екі-үш есе пайыздық үстеме қосып келгенге ұқсайды. Оған қоса, өздерінің офшорлық компанияларына ақша алып, адамдарды қарызға батырып жүрсе керек.

Сондай-ақ, қоғам қайраткері өз жазбасына мемлекеттің банктерге миллиардтап, тіпті, триллиондап ақша аударғаны жөніндегі Forbes журналына шыққан мақаланың сілтемесін салыпты.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған