Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Саясат » Қырғыздар уран өндірісіне тыйым салды

Қырғыздар уран өндірісіне тыйым салды

Қазақстан уран өндіруден дүние жүзінде алдыңғы қатарда. Біздің ел бұл жетістікті мақтан тұтады. Алайда, уранның адам ағзасынан бастап, қоршаған ортаға да орасан зиян келтіреді. Олай болса, бұл мақтаныш емес, керісінше қасірет болуы керек секілді. Осы жайтты орынды ескерген қырғыз ағайындар елінде уран өндіруге тыйым салды.

2019 жылдың 16 желтоқсанында Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков елде уран кеніштерін пайдалануға тыйым салған заңға қол қойды. Бұл заңның мақсаты – тұрғындардың денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау, сонымен бірге радиациялық және экологиялық қауіпсіздікті сақтау болып отыр. Жаңа заңға сәйкес Қырғыз аумағында уран кеніштерін барлауға, пайдалануға рұқсат берілмейді. Ол аз десеңіз, елге радиоактивті қалдықтарды әкеліп сақтауға да жол берілмейді.

Президенттің мұндай Жарлыққа қол қоюына «ЮрАзия» компаниясының Ыстық көл облысында уран өңдеуге қатысты жергілікті тұрғындардың наурыз бен сәуір айларындағы наразылығы себеп болса керек. Уран өндірісін тоқтату үшін 20 мыңнан аса адам петицияға қол қойған. Кейбір белсенділердің пікірінше, республикада экологияға айтарлықтай зиян келтіретін жүздеген қоймалар бар екен. Тіпті жаңадан ашылып жатқан уран өндіру саласы эклогияны ластағаннан бөлек елдің туризм саласына да кері әсерін тигізбек.

Осындай себептерге байланысты Қырғыз Үкіметі маусым айының басында заңды шешім қабылданғанша уран өндірісіне тоқтам салған. Ал 31 қазанда бұл тыйымды Парламент мақұлдаған. Осылайша Үкімет пен Парламенттің қабылдаған шешімінен кейін ел президенті Сооронбай Жээнбеков тиісті Заңға қол қойды.

Әрине, елдің ертеңін ойлаған Қырғыз мемлекеті басшыларының бұл әрекеті ел экономикасына кері әсер етуі мүмкін. Бірақ халықтың денсаулығына, қоршаған ортаның таза болуына, ең бастысы, туризмнің дамуына пайдасы тиетіні анық.

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика