Францияда Канн кинофестивалі биыл өтпейтін болды. “Алтын пальма жапырағы” киносыйлығы 12 мамырда тапсырылуы тиіс еді.
Ұйымдастырушылар коронавирус пандемиясына байланысты кинофестиваль уақытын маусым айына шегерген. Бірақ жексенбі, 10 мамырда фестиваль басшылығы оны биыл жазда өткізе алмайтынын мәлімдеді.
Фестиваль президенті Пьер Лескюр Le Figaro басылымына берген сұхбатында америкалық кинорежиссер Спайк Ли келесі жылы “кинофестиваль қазылар алқасын басқаруға уақыт бөлер” деген үмітімен бөліскен.
Биыл Eurovision ән байқауы да коронавирус пандемиясына байланысты өтпей қалды. Байқау мамыр айында Роттердам қаласында өтуі тиіс еді.