Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Мəдениет жəне өнер » Apple қатесін тапқаны үшін – 3,5 мың доллар сыйақы

Apple қатесін тапқаны үшін – 3,5 мың доллар сыйақы

Түркіменстан азаматы Алмаз Сеидов Iphone смартфонындағы қатені тауып, оны Apple компаниясының өкілдеріне хабарлаған. Компания студентке 3,5 мың доллар сыйақы берді.

Түріктің Hurriyet басылымының хабарлауынша, 22 жастағы Сеидов екі жыл бұрын Түркиядағы Кастамону университетінің математика факультетіне оқуға түскен. Студент Apple бағдарламаларындағы қателерді іздеумен шұғылданған.

Сеидов бұған дейін де Applе өнімдеріндегі қатені тауып жүрген. Сол кезде компания жас жігітке 250 лир сыйлаған. Бұл жолы студент қатені смартфонға Apple Store арқылы ойын жүктеу кезінде анықтаған. Компания Сеидовтің аңғарымпаздығы үшін 25 мың лир сыйлаған.

Студент енді басқа да компаниялардың өнімдерінен қате іздеп көрмек.

“Түркіменстанда осындай қате тапқан адамды естімедім. Бұл жолы үлкен қате тауып, сол үшін сыйлық алғаныма қатты қуандым”, – дейді Алмаз Сеидов.

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика