Ресейдің қорғаныс министрлігі әскер қызметкерлері арасынан COVID-19 вирусы вакцинасын сынау үшін 50 еріктіні таңдап алды. Вакцинаны Ресей қорғаныс министрлігінің Орталық ғылыми-зерттеу институты дайындаған.
Қорғаныс министрлігі коронавирус вакцинасын дайындап жатқаны туралы алғаш рет сәуірдің басында хабарланған. Министр Сергей Шойгу президентке вакцинаның клиникалық сынаққа дейінгі зерттеуі 1 маусымға таман аяқталатынын айтқан. Клиникалық сынақ шілденің аяғында аяқталады деп жоспарланған.
22 мамырда Ресей ғылым академиясының академигі Александр Гинцбург орталық қызметкерлері SARS-CoV-2 коронавирусының вакцинасын қабылдағанын хабарлады. “Барлығы тірі, дені сау, қуанып жүр” деген Гинцбург.