Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Мəдениет жəне өнер » Коронавирус – Голливудтағы төсек «әлегін» тоқтатты

Коронавирус – Голливудтағы төсек «әлегін» тоқтатты

Голливуд төсек қатынасына қатысты көріністерді компьютерлік графикамен дайындайды немесе мұндай көріністерден бас тартады. Мұндай шешім коронавирус пандемиясына байланысты қабылданған. Бұл туралы The Sun басылымы хабарлады.

Америкалық кино және телеиндустрия 12 маусымда өндіріс қайта ашылады деп үміттеніп отыр. Кинематографистер жұмыс орнында арақашықты сақтау ережелерімен танысты. Голливуд актерлар мен түсіру тобындағы адамдардың денсаулығын күнде тексеріп, тазалық ережелерін сақтауы керек. Ережеде төсек қатынасы көріністерін түсіру тәртібі де айтылған.

The Sun басылымының мәліметінше, Голливуд киноредакторлары қауымдастығы 22 беттік құжат дайындаған. Онда адамдардың жақын қатынасы туралы көріністер қайта жазылуы немесе алып тасталынуы керектігі айтылған. Түсіру алаңында аурудан сақтану құралдары болуы тиіс. Телешоулар аудиториясыз түсіріледі.

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика