Deprecated: strpos(): Passing null to parameter #1 ($haystack) of type string is deprecated in /var/www/nysana.kz/public_html/wp-includes/functions.php on line 7053

Deprecated: str_replace(): Passing null to parameter #3 ($subject) of type array|string is deprecated in /var/www/nysana.kz/public_html/wp-includes/functions.php on line 2165
Полицияның орнына – бейнебақылау… – Nysana.kz – Ақпарат агенттігі

Полицияның орнына – бейнебақылау…

«Мен мынаған түсінбеймін, – дейді шымкенттік тұрақты оқырманымыз Камал Мүсірәлі. – Көшеде полицейлер мініп жүрген көлік көп. Солардың не бітіріп жүргенін өздерінен басқа ешкім білмейді. Олай дейтінім, соңғы кездердегі «ұрып кетті, атып кетті, зорлап кетті, тонап кетті» деген сөздерге құлақ түрсең, қылмыс көбейіп, күрделеніп бара ма деген ой келеді. Демек, көшедегі полиция көлігінің көптігінің пайдасы болмай тұрғаны ма?

Осыған байланысты менің айтар ұсынысым бар: көшеде көлікпен жүрген полицейлердің санын қысқарту керек. Есептеп қарасаңыз олардың жалақысы, жағатын жанар-жағар майы, көлікті күтіп ұстау үшін жұмсалатын шығандары шаш етектен. Және ол қызметтік көліктердің пайдалану уақыты да ұзақ емес көрінеді. Сол себепті халықтың салығына ұсталып отырған оларды қысқартып, орнына көшедегі бейне бақылау камераларын барынша көбейту керек. Қажет болса әр көшеге, әр қиылысқа қойылсын. Бұған жұмсалатын қаражат жоғарыда аталған шығыннан аз болмаса көп емес және ең бастысы, сыбайлас-жемқорлықтың алдын алады. Ешкім жасаған заңбұзушылық әрекеті үшін жазасыз қалмайды, сондай-ақ, біреуге заңсыз сыйақы бермейді. Тәртіп бұзған кез-келген азамат мансабына қарамастан заң талабына сай айыппұл төлейді, жазасын өтейді. Жедел шара көру қажет болғанда ғана полицияның арнайы тобы іске кіріседі.

Мен мұны аспанға қарап, қиялымдағыны айтып отырғаным жоқ. Бұл дамыған елдердің көпшілігінде бар тәсіл. Кейбір елдерде көшеде полиция қызметкерлерін көзің шалмайды, ал тәртіп бұзар болсаң, лезде қасыңнан табылады. Бұл көріпкелдіктің емес, озық технологияны тиімді пайдаланудың нәтижесі. Бізге де осы жүйені тәжірибеге енгізетін кез жетті және бұған мүмкіндігіміз де бар. Халық игілігі үшін жұмыс істетпесек, ондай озық технологияның қажеті қанша?».

Оқырманымыздың ойы ойлануға тұрарлық. Тиісті саланың басшылары бұл ұсынысқа құлақ түреді деген үміттеміз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған