Ташкент әлемдегі арзан қалалар бестігіне кірді

Халықаралық Mercer консалтинг компаниясының Cost of Living Survey зерттеуі бойынша, Ашғабад әлемдегі ең қымбат Гонконгтан кейінгі екінші қала атанды. Түркіменстан астанасы Токио, Цюрих, Сингапур және Нью-Йорктен де қымбат деп аталды.

Ал Өзбекстан астанасы – Ташкент әлемдегі ең арзан бес қаланың бірі екені айтылған. Сондай-ақ, бұл тізімге Карачи, Бішкек, Виндхук (Намибия) және Тунис қалалары кірген.

Сауалнама ірі қалалаларда жұмыс істейтін шетел мамандары арасында жүргізілген. Зерттеуде валюта бағамы, тауар мен қызмет құны, инфляция деңгейі және пәтерді жалға алу ақысы ескерілген.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған