42 500 теңгеге өтінішті кімдер береді?

5 шілдеден бастап екі аптаға белгіленген карантин 2 тамызға дейін ұзартылып, толық бір айды қамтитын болды. Карантиннің ұзартылатынын жария еткен премьер-министр Асқар Мамин төтенше жағдай жарияланбаса да шектеуге байланысты қызметі шектелген азаматтарға 42 500 теңге көлеміндегі бір реттік көмек берілетінін айтты.

Бірақ бұл жолы өтінішті азаматтардың өзі емес, жұмыс берушілер береді. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов хабарлады.

Министрдің айтуынша, әлеуметтік жәрдемақыны төлеудің механизмдері пысықталып, 16 шілде күні, яғни бүгін жәрдемақыны тағайындау ережесі жариялануы тиіс. Ал ертең өтініш беру басталып, олар 20 шілдеде қаралады.

Бұл жолы жәрдемақы алу үшін әлеуметтік төлем (Бірыңғай жинақ төлем, жеке кәсіпкер ретінде салық) төлеу міндетті емес. «42 500 теңге төтенше жағдай кезіндегі ереже бойынша табысынан айырылған азаматтарға, оның ішінде, жалдамалы қызметкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға беріледі», – деді министр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған