Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Саясат » COVID-19 құрбаны 1003-ке жетті

COVID-19 құрбаны 1003-ке жетті

Қырғызстанда бір тәулікте 1020 адамның СOVID-19 жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы республиканың шұғыл штабы хабарлады.

Қырғызстан коронавирус пен пневмонияға шалдыққан науқастарды бірге есептеп жатыр. Бүгінге дейін Бішкекте 369 адам, Ош қаласында – 151, Шу облысында – 123, Ош облысында – 178, Талас облысында – 37, Нарын облысында – 31, Ыстықөл облысында – 31, Жалал-Абад облысында – 40, Баткен облысында 70 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бір тәулікте 70 науқас қайтыс болды. Олардың жартысы Бішкек қаласында тұрған.

Қырғызстанда пандемия басталғалы бері 26 532 адам коронавирус жұқтырғаны анықталып, 1003 адам қайтыс болды. Сонымен қатар, бір тәулікте 70 медицина қызметкерінің коронавирус жұқтырғаны анықталды. Ал осы кезде халқы бірнеше есе көп көрші Өзбекстанда жұқпалы індетті жұқтырғандар саны 16 752-ге жетті. Өзбекстан билігі коронавирус жұқтырып, үйде емделіп жатқан науқастарға дәріні тегін беретін шешім қабылдады.

 

 

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика