Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Саясат » Сардоба ісі: тоғыз адам қамалды

Сардоба ісі: тоғыз адам қамалды

Өзбекстандағы Сардоба су қоймасындағы жарылысқа байланысты қозғалған іс бойынша 9 адам қамауға алынды. Бұл туралы елдің бас прокуратурасы хабарлады.

Су қоймасы биыл 1 мамырда жарылып, Өзбекстанда алты адам қайтыс болып, 70 мыңдай адам эвакуацияланған. Сардоба суы Қазақстанға дейін өтіп, Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы бірнеше ауылды су алған еді.

 

Күдікке ілінгендер арасында “Сырдария сув курилиш инвест” мекемесінің құрылысқа тапсырыс берушісі, UzGip компаниясының жобалаушысы, “Узтемирйулкурилишмонтаж” мекемесінің бас мердігері, “Резаксой сув курилиш” мекемесінің мердігері, “Тупаланг Шеробод” мекемесінің мердігері, су шаруашылығы министрлігінің қызметкері бар.

Тексеріс қорытындысында су қоймасындағы жарылысқа жобалау құжатындағы, құрылыс кезіндегі қателіктер себеп деп көрсетілген.

Сардоба су қоймасы 2017 жылы салынған. Құрылысты салуға елдің қазіргі президенті Шавкат Мирзияев премьер болып тұрғанда пәрмен берген. Су қоймасын салуға 404,4 млн. доллар бөлінген.

Сарапшылар су қоймасының апатына жемқорлық, құрылыс материалдарына бөлінген қаржыны жымқыру себеп болды деп есептейді.

 

 

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика