Қазақтың мақтанышы Димаш Құдайбергеннің есімі жазылған микрочиптер енді ғарышқа жететін болды. Бұл туралы әншінің өзі инстаграм парақшасында: «Мені әрдайым, барлық жерде қолдап жүретін тыңдармандарыма рахмет! Біздің есіміміз жазылған микрочиптер марсқа 2021 жылы жетеді», – деп жазды.
Қазіргі кезде Флоридадағы Кеннеди атындағы ғарыш орталығында Марсқа ұшу алдындағы кері санақ басталды. Бұл туралы «30 шілде күні, Шығыс уақыты бойынша сағат 07:50-де жаңа астробиолог ол жақта бұрын өмір болғандығы туралы деректерді жинау үшін Марсқа ұшып, сол жақта сегіз ай болады», – деп жазады. Марсқа сапарда Димаш Құдайберген атымен аталатын отырғызу талонын әртүрлі елдер, соның ішінде АҚШ, Түркия, Ресей берген.