Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Отбасы » Өлген малдардың өтемақысы төленді

Өлген малдардың өтемақысы төленді

Мақтаарал ауданындағы топан су басқан ауылдардан 931 бас түрлі жануарларының өлекселері шығарылған болатын. Олар арнайы аппарат арқылы жойылып, елді мекендерде бірнеше рет дезинфекция жұмыстары жасалған.

Мал өлекселерін жою мақсатында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, Мақтаарал аудандық аумақтық инспекциясы және аудандық «Ветеринариялық қызметі» мекемесінің өкілдерінен арнайы комиссия құрылып, дер кезінде әрекет етті. Жұмыс барысында мал өлекселерінің көпшілігі «Сардоба» су қаймасы жарылған Өзбекстаннан ағып келгені анықталған-ды.  

Жалпы өлекселердің ішінде 40 ірі қара, 876 ұсақ мал, 9 жылқы, 6 түйе болған. Су басқан ауылдарда тұратын жырма екі азаматқа тиесілі 144 бас мал анықталып, арнайы белгіленген өтемақылар «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік қоры арқылы аударылған. Атап айтқанда, түйеге 300 – 1,5 миллион теңге, жылқыға 160 – 380 мың теңге, сиырға 110 – 220 мың теңге, ұсақ малға 25 – 45 мың теңге аралығында, ал үй құсына 2000 теңгеге дейін өтемақы төленген.

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика