Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Саясат » Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина салынады

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина салынады

«COVID-19»-ды таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты тәжтажалға қарсы вакцина әзірлеу барысымен таныстырды. «ҚазАқпарат» сайтының хабарлауынша, отандық бес ғалым «COVID-19»-ға қарсы вакцинаны өздеріне сынап көрген, олардың денсаулықтары қалыпты.

Биыл 23-наурызда пандемия дертіне алғаш шалдыққан пациенттен патологиялық материал алынып, бір аптадан кейін институт ғалымдары SARS-CoV-2 вирусын бөліп шығарды. Ал, 9 мамырда инактивтелген вакцина әзірлеу бойынша жұмыс аяқталып, оның хаттамасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына жіберілген. ДДСҰ алдын ала тексеруден кейін оны клиникаға дейінгі сынаққа жіберілген кандидат вакциналар тізіміне қосып, вакцина және әзірлеуші туралы ақпаратты ресми сайтында орналастырды. 2020 жылдың 15 мамырында зертханалық тышқан, сириялық атжалман, теңіз шошқасы, күзен және үй қоянына кандидат вакцинаны клиникаға дейінгі сынақ басталды. Клиникаға дейінгі сынақ вакцинаның ДДСҰ регламенттеген барлық параметрлерге, атап айтқанда уыттылығы, дерт туындатушылығы, аллергенділігі, иммуногендігі бойынша және Қазақстан Республикасының мемлекеттік фармакопиясына сай келетіндігін көрсетті. 2020 жылдың 6 шілдесінде вакцина ҚР ДСМ Ұлттық дәрілік заттарды сараптау орталығына берілді. Орталық бұған дейін Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты алған вакцинаны клиникаға дейінгі сынақ нәтижелерінің жаңғыртылатындығын қуаттады. Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты вакцинаны алғаш маймылға (макака резус) сынақтан өткізуді бастады. lg М, lg G антидене титрі жетінші күнде 3,5 10Q (жоғары көрсеткіш) болған еді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талабына сәйкес, 2020 жылдың 13 тамызына макак-резустан антидененің кемінде 7 log болуы тиіс соңғы титрін анықтау жоспарланған. Бұл жоғары иммуногендік көрсеткіш саналады. 2020 жылдың 26 шілдесінде вакцинаның 5 әзірлеушісі тірі вируспен жұмыс істеу барысында қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету үшін ерікті түрде вакцинаны өздерінде сынады. Бірнеше тәулік өткеннен кейін олардың өздерін сезінуі жақсы, дене қызуы мен аллергиясы жоқ екендігі анықталды. Клиникаға дейінгі сынақ 2020 жылдың 20 тамызында аяқталып, нәтижесі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне беріледі. Министрліктен рұқсат алынғаннан кейін 2020 жылдың 20 қыркүйегінде Алматы қаласындағы клиниканың базасында «COVID-19»-ға антиденесі жоқ 44 еріктіге клиникалық сынақ (І фаза) басталады. 2020 жылдың қазан айының ортасында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талаптарына сай келетін 200 еріктіге клиникалық сынақ өткізудің ІІ фазасына шығу жоспарланған. Клиникалық сынақтың ІІ фазасы 2020 жылдың желтоқсан айында аяқталуы тиіс.

Клиникалық сынақ нәтижелерін ДДСҰ растаған жағдайда Қазақстан институты жанындағы құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан Иммунобиологиялық препараттар өндірісі зауыты вакцина шығаруға дайын. Зауыттың жобалық қуаты жылына 60 млн. дозаны құрайды. Құрылыс жұмысы 2020 жылдың желтоқсанында аяқталады.

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика