Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Мəдениет жəне өнер » Ең үлкен киіз үй

Ең үлкен киіз үй

Мажарстанның Бугац қаласында 21-23 тамызда дәстүрлі түркі халықтарының құрылтайы өтеді. Он үш жылдан бері тұрақты өткізіліп келе жатқан халықаралық шараға күллі түркі-ғұн ұрпағының өкілдері қатысады. Іс-шара аясында ежелгi көшпендiлердің дала мәдениетi, қолөнері мен өркениеті, ұлттық спорт түрлері, тұрмыс-салты көрсетіледі. Сонымен қатар, осы салада еңбектеніп жүрген ғалымдардың зерттеулері ортаға салынып, өзара тәжірибе алмасады.

Ал, биылғы бағдарламаның ерекшелігі, онда әлемдегі ең үлкен киіз үй тігіледі. Киіз үйге ұлы дала қолбасшысы Атилла (Еділ қаған) есімі берілген. Биіктігі 7 метр, диаметрі 20 метр болатын киіз үй жиналмалы және көне ғұн дәстүрі бойынша жабдықталған. Безендірушілердің айтуынша, киіз үйдің ішінен археологиялық, антропологиялық зерттеулер барысында табылған көне жәдігерлер көрмесін тамашалауға болады. Құрылтайдың тағы бір ерекшелігі, шара қатысушылары мен қонақтар ұлттық киімін киіп, орта ғасырдағы (9-10 ғғ.) қару-жарақ, құрал-сайман, әшекейлерін көрсетуге тырысады.

Әлемдегі пандемиялық жағдайларға байланысты биыл Қазақстаннан ресми делегация бармаса да Мажарстандағы қазақ диаспорасы мен студенттерінің көмегімен қазақ мәдениеті мен салтын танытатын бағдарлама дайындалуда. Сондай-ақ, құрылтайға кәрі құрлықтың көптеген мемлекетінде тұрып жатқан қандастарымыз қатыспақ. Мажарстан Үкіметі жариялаған эпидемиологиялық қауіпсіздік ережелеріне сәйкес, биылғы құрылтай денсаулық сақтау шараларын ескере отырып, ашық алаңда өтеді. Түркі халықтарының бұл құрылтайы – көшпенділер өркениетін танытатын Еуропадағы ең ірі шара. Тұңғыш қазақ-мажар Құрылтайы «Ғасырдан кейінгі кездесу» деген тақырыппен 2007 жылы Қазақстанда өтсе (Қостанай облысында), екіншісі 2008 жылы Мажарстанның Бөстөрпуста аумағында ұйымдастырылды. Үшіншісі «Тұран халықтарының Құрылтайы» деген атаумен 2010 жылы Мажарстанның Бугац мекенінде өтті. Содан бері түркі халықтардың үлкен Кұрылтайы дәстүрлі шара ретінде әр екі жылда бір рет ұйымдастырылып келеді.

 

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика