Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Мəдениет жəне өнер » «Тілде осындай рух, күш, тылсым сыр, құпия бар»…

«Тілде осындай рух, күш, тылсым сыр, құпия бар»…

Ұларбек НҰРҒАЛЫМҰЛЫ

Жақсылық Үшкемпіров бір сұхбатында былай деген еді:

«Олимпиададағы әрбір күрес оңайға соқпайды. Кезекті қарсыластың бірін басында жеңіп келе жатқаныммен, артынша әдістерім өтпей, ол басым бола бастады. Іштей істің қиынға айналып бара жатқанын сезіп тұрмын. Айнала шу, айқайлаған адам. Бұндайда тренеріңді де есту қиын.

Бір кезде Шәмілдің даусын естідім. «Түйе құсап шайқа, түйе құсап шайқа» деген қазақша сөз бен Шәмілдің даусын жазбай таныдым. Және оның не айтып жатқанын да түсіндім. Сонша айқайдың арасынан қазақтың сөзі, қазақтың даусы құлағыма анық жетті. Қарсыласымды екі қолынан алып шайқадым. Кері шегінгенінде екі-үш әдісті қатар жасап, ұпайымды арттырып алдым.

Ары қарай күресім жүріп кеп берді. Шәміл хас талант қой. Күресті сыртынан бақылап тұрып, ең керек сәтте, ең керек кеңесті берді. Егер сол сөзі болмағанда, менің олимпиада чемпионы болмай қалуым да әбден мүмкін еді».

Қазіргі біраз қазақ спортшыларына жетпейтіні осы-ау. Тілде осындай рух, осындай күш, осындай тылсым сыр, құпия бар.

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика