«Шұғыла» қоғамдық қоры қашан да игі істің басынан табылып жүретін ұйым. Жақында аталмыш ұйым Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының орталық ауруханасына жомарт жандардың демеушілігімен 10 дана оттегі концентраторын табыс етті. Олар коронавирус пен пневмония секілді дертті емдеуге қолданылады. Аппарат тыныс алуды қалыпқа келтіріп, жүрек пен өкпенің ғана емес, бауыр мен бүйректің жұмысын жетілдіреді.
Ауданда қазір аурудың алдын алу және жұқпалы індеттің таралмауы үшін бірқатар жұмыстар жүзеге асуда. Сарыағаш ауданының орталық ауруханасына арнайы келген қоғамдық қордың өкілдері дәрігерлерге алғысын білдірді. Ізгіліктің орын алуына «Жібек жолы» жастары ұйытқы болды. Бұған дейін аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен орталық ауруханаға демеуші азаматтардың көмегімен 100 төсек орын, 60 дана оттегі баллоны, 15 дана оттегі концентраторы, ЭКГ аппараты, 20 тонометр, 29 пульсоксиметр табысталған еді.