Deprecated: strpos(): Passing null to parameter #1 ($haystack) of type string is deprecated in /var/www/nysana.kz/public_html/wp-includes/functions.php on line 7053

Deprecated: str_replace(): Passing null to parameter #3 ($subject) of type array|string is deprecated in /var/www/nysana.kz/public_html/wp-includes/functions.php on line 2165
БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ СТИПЕНДИЯСЫ КӨБЕЙДІ – Nysana.kz – Ақпарат агенттігі

БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ СТИПЕНДИЯСЫ КӨБЕЙДІ

Қазақстанда педагогикалық бағытта оқитын студенттер мен докторанттарға стипендия көлемі артады деп күтілуде. Шәкіртақы сомасын көтеруге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 27 мамырдағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында берген тапсырмасы негіз болды.

Жақында тиісті құжат ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жария талқыға ұсынылды. «Жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық бағыттарында оқитын студенттерге – 42000 теңге», – делінген құжатта. Ал басқа мамандықтардағы студенттерге стипендия бұрынғы 26 186 теңге сомасында беріледі. Мұнымен қоса, докторанттардың стипендиясы 150 000 теңгеге жетеді. Қазіргі кезде оларға 102 498 теңге шәкіртақы төленіп келеді. Аталмыш қаулы 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілмек.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған