Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Саясат » ЕҢ КӨП ЖАЛАҚЫНЫ КІМДЕР АЛАДЫ?

ЕҢ КӨП ЖАЛАҚЫНЫ КІМДЕР АЛАДЫ?

ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметінше, елімізде орташа айлық жалақы 212 035 теңгені құрады. Сәйкесінше, салалық құрылымдарда ең көп жалақыны тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазушылар – 443,4 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,1 есеге асты) алатын болып тұр. Ал, қаржы және сақтандыру қызметінде – 386,8 мың теңге (1,8 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 326 мың теңге (1,5 есеге асты), ақпарат және байланыс саласында – 273,2 мың теңге (1,3 есеге асты), көлік және жинақтау саласында – 233,6 мың теңге (1,1 есеге асты) болып белгіленді. Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығының қызметкерлерінде – 127,3 мың теңге. Бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 40 пайызға төмен.
Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысына белгіленді – 386,4 мың теңге. Бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,8 есеге асады екен. Әрине, бұл құжаттағы статистика, ал шын мәнінде жұмыс істеп жүрген азаматтардың жалақылары бұл көрсеткіштерден әлдеқайда алшақ болуы мүмкін. Мәселен, оңтүстік өңірде миллиондап жалақы алатындар бар. Сол секілді 100 мыңға дейінгі, тіпті, 40-50 мың теңгені қанағат тұтып жүргендер де жоқ емес. Ешкім де несібесіз емес қой, алайда табыс арасындағы мұндай алшақтық бай мен кедейдің арасын алыстатып, алауыздық тудыруы да ғажап емес. Сол үшін жалақы саясатына бір өзгеріс қажет секілді.

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика