Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Әлеумет » Пойыз билетін WatsApp-пен қайтара аласыз

Пойыз билетін WatsApp-пен қайтара аласыз

«Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыз билеттерін және оның ақшасын  қайтару бойынша сұрақтарға жедел жауап беретін «уатсап» нөмірін іске қосты. Осыған сәйкес енді ақшаны қайтару билетті сатып алу әдісіне қарай қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз іске асырылады.

Жаңа тәртіп бойынша енді стансадан пойыз жөнелтілгенге дейін 1 сағаттан кешіктірмей билетті қайтарған жағдайда қаражат бес жұмыс күні ішінде төлеушінің картасына түседі. Ал, стансадан пойыз жөнелтілгенге дейін 1 сағаттан аз уақыт қалғанда билетті қайтарған жағдайда қаражат жолаушының өтініші негізінде 30 күнтізбелік күн ішінде жолаушының картасына түседі. Билет құнын қайтара алмаған жолаушылар +7 -707-270-36-64 нөміріне хабарласа алады.

«Өтініш білдірген кезде билеттің нөмірін көрсету керек немесе билет кассасына жүгінгенде жол жүру құжатын қайтару туралы түбіртекті жіберу қажет», – делінген ақпаратта. Айта кетерлігі, билетті қайтарған кезде пойыз жөнелтілгенге дейін 24 сағаттан кешіктірілмесе оның құны толық қайтарылады. «Ал, 24 сағаттан кешіктіріліп, бірақ пойыз жөнелтілгенге дейін кемінде 6 сағат бұрын өткізілсе билет құнының елу пайызы қайтарылады. Пойыз жөнелтілгенге дейін кемінде 6 сағат бұрын және жөнелтілгеннен  кейін 1 сағаттан артық емес уақытта өткізілсе билет құны қайтарылып,  плацкарт құны толық ұсталады. Сондай-ақ, пойыз кетіп қалған соң 1 сағаттан соң билетті қайта өткізуге болмайды және оның ақшасы қайтарылмайды. Егер пойыз қатынауы тоқтаған жағдайда жолаушылар билеттерін қайта ресімдеп, қаражатын толық қайтарып ала алады. Оны сатып алған жерге өткізу керек», – дейді «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ы.

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика