Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Мəдениет жəне өнер » «Қазақтың жазылмаған психологиясы» жарық көрді

«Қазақтың жазылмаған психологиясы» жарық көрді

Жақында журналист Ержан Жаубай мен белгілі психолог Нұргүл Молдабайқызының “Қазақтың жазылмаған психологиясы” атты кітабы жарыққа шықты. Жаңа еңбекте халқымыздың сан ғасырлық дүниетанымы, салт-дәстүрі мен ұлттық ойындары, ырым-тыйымдарына ғылыми талдау жасалынған. Кітап арқылы жастар ұмыт бола бастаған салт-дәстүрлермен, ойындармен таныса алады. Сондай-ақ, оқырман ұлттық құндылықтарымыздың мәнін түсініп, пайымдай алады. Жаңа жинаққа 90-ға жуық салт-дәстүр мен 20-дан астам ұлттық ойын топтастырылған. Олар бұған дейін халық ауыз әдебиеттерінде, жекелеген әдебиетшілердің, этнографтардың жинақтаған еңбектерінен іріктеліп алынған.

«Қай ілімді оқысам да алдымнан қазақтың ұлттық дәстүрі шығады. Мәселен, біреудің қазасынан қалған жараны емдеу – психологиялық жұмыстың ең ауыры. Ол қазақтың жоқтауымен толық мазмұндас. Әлемдік психология қызға тұрмысқа шығарда сыңсу айттыр дейді. Бұл да қазақтың салтында бар дәстүр. Осындай төл тіршіліктің негізі – психологиясы бола тұра қазақ қоғамы бүгінде жантануды ілім деп қабылдамай, ермекке айналдыра бастапты. Мысалы, психотехниканың хирургиялық түрі саналатын EMDR-ді маманның қадағалауымен қолдану керек. Бізде оны әркім өз бетімен қолданып, шаруасы біткен адамға айналуда. Сондықтан Ержанды өзім іздеп, халқымыздың салт-дәстүрін жинақтап беруін сұрадым. Психологиялық тұрғыдан талдау жасап, әлемде салт-дәстүрден артық психологияның жоқ екенін көрсеткім келді», – дейді психолог Н. Молдабайқызы.

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика