Deprecated: strpos(): Passing null to parameter #1 ($haystack) of type string is deprecated in /var/www/nysana.kz/public_html/wp-includes/functions.php on line 7053

Deprecated: str_replace(): Passing null to parameter #3 ($subject) of type array|string is deprecated in /var/www/nysana.kz/public_html/wp-includes/functions.php on line 2165
«Хватит Конарбай, хватит!» – Nysana.kz – Ақпарат агенттігі

«Хватит Конарбай, хватит!»

            Неміс азаматы әулиенің кереметіне қалай бас иді

Еліміздің әр түкпірінде әулие-әмбиелер бар. Олардың қасиеті туралы таңды таңға ұрып әңгіме айтуға болады. Солардың ішінде бедеуді көтерткен, айықпас дертті қайтарғандар жайлы жиі естиміз. Сонымен қатар, кейде естіген құлаққа сенімсіз әңгімелер де қозғалып қалады.

Қызылорда облысының оңтүстігінде Қызылқұм деп аталатын шөлейтті аймақ бар. Жергілікті тұрғындар Тауелібай деп атап кеткен, табиғи қазба байлықтарға бай өңір бір кездердегі солақай саясаттың салдарынан Өзбекстанға уақытша жалға беріліп, кейін сол жақта түбегейлі қалып қойған. Қой шаруашылығын дамытуға өте қолайлы Қызылқұмда да алатақиялы ағайындар қап арқалап, өрік-мейіз сататын. Бүгінде жергілікті қазақтар тарихи отанына жаппай көшкендіктен, ол жерлерді өзбек ағайындар мекендей бастаған. Соған байланысты ондағы қасиетті жерлер де қараусыз қалып жатқанға ұқсайды. Бұл жөнінде Нұрсұлтан қаласының тұрғыны Орынбай Бекетов (cуретте) былай дейді: «Тауелібайда жергілікті халық аса қатты қадірлеген Қонарбай әулие кесенесі бар.

Мен көп жыл сол жерде шырақшы болып қызмет атқардым. Әулиенің кереметтігін ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес. Мысалы, біреу 100-150 шақырымда жүріп Қонарбай әулиеге атадым деп бір қойды айдап жіберсе сол бір-екі апта жүрсе де әулие басына адаспай тауып келеді. Оған өзім куә болдым. Сондай-ақ, әулие басында көпшілік атаған 30-40 шақты қой болатын. Оны ешкім бақпайды. Таңертең қорадан шығады, кешке өздері қайтып оралады. Өсіп-өніп жүре беретін.

Әуле басындағы қобдида жинаулы ақша тұрады. Оны талай адам алып кетпек болған. Бірақ көліктері түрлі себептермен жүрмей қалып, ақшаны орнына қайта қойғаннан кейін ғана кететін болған.

Енді өзім білетін тағы бір қызықты жәйт туралы оқырманға баяндайын. Соғыстан кейін, шамасы 50-60 жылдары болса керек, Қызылқұм өңірінде кеңшарлар құрыла бастайды. Коммунистік қоғамның, соның ішінде «өзі сары, көзі көктер» тасы өрге домалап, солардың айтқаны орындалып тұрған кез. Басшылық қызметтерге де солар тағайындалады. Ал олар жергілікті салт-дәстүрді білмейді. Дін десе ақиланып шыға келетін, коммунистік идеологиямен тәрбиеленген атеистер болған. Наурыз көже істеп, ораза тұтқандардың сотталып кетіп жатқан кезі. Ондай уақытта әулиені кім құрметтесін?

Осындай аласапыран уақытта Жыңғылды кеңшарына Сафрон Брайнов деген өзге ұлт өкілі директор болып келеді. Ұлты неміс пе, орыс па нақты білмейміз. Сол жылдары жаңбыр жаумай, қуаңшылық орын алды. Қызылқұмда өзен, көл деген атымен жоқ. Онда тек қуаңшылыққа шыдамды жусан, сексеуіл секілді өсімдіктер ғана өседі. Жаңбыр жаумағандықтан олар да шықпай, бой көрсеткендері болса қурай бастайды. Жерге шөп шықпаса мал қырылады. Ол кезде басшыларға қойылар талап жоғары. Қуаңшылық болды ма немесе қар қалың жауды ма – ол жағы жоғарыдағыларды қызықтырмайды. Ақталуға себеп емес. Коммунист барлық жағдайды алдын ала болжап, кез келген жағдайға дайын болуы керек деген қатаң талап бар. Мал қырылса директор сотталады. Осындай қуаңшылық болып қиналғанда не істерін білмеген Сафрон Брайнов ауылдағы үлкен кісілерді шақырып ақылдасады, не істеу керектігін сұрайды.

Қариялардың бірі Ұзынқұдық деген жақта Қонарбай әулиенің бар екенін айтып, сол арқылы Тәңірден көмек сұрауға кеңес береді. Алғашында Қонарбайды тірі адам деп ойлаған Сафрон оны жылдам шақыруды тапсырады. Бірақ ол әулиенің дүние салғанына көп болғанын, сонда да адамдар оған жасырын барып, түнеп жүретінін айтқанда, таң қалады. Әрине, оған сенбейді. Бірақ батырға да жан керек. Кеңшардың малы қырылса саяси бюроның маңдайынан сипамайтынын білгендіктен, бірнеше қарияны ертіп, жолға шығады. Әулие басына барып, атаған қойларын сойып, құдайы тамақ береді. Сол жерде жаңбыр жауғызуға дұға етіп, ауылдарына қайтады.

Арада бірнеше күн өткенде аспанда қара бұлт пайда болып, нөсерлетіп жаңбыр жауады. Және ол үш күн бойына тоқтамай, сай-сала суға толып, шаруаға қолайсыздық тудыра бастаса керек. Сондай кезде әулиенің құдіретіне шындап сенген Сафрон Брайнов далаға шығып, қолын көкке жайып тұрып, «Хватит Қонарбай, хватит!» деп жалынған екен. Осылайша жергілікті қариялардың кеңесіне құлақ асқан ол бір кеңшардың малын апаттан аман алып қалған. Комунист адамның көмекті партиядан емес, әлдеқашан дүниеден озған әулиеден сұрағанына шара көрілетіні анық болғандықтан, Сафрон болған жәйтті ешкімге айтпауды сұрайды. Бірақ ел ішінде әңгіме жата ма, бұл туралы тараған сөз аудан басшыларының да құлағына жетсе керек. Амалы таусылған С.Брайнов болған жәйтті еріксіз айтып береді.

Бірақ, басшылық оны жазаламайды. Керісінше Қонарбай әулиенің басына қорған салдырып, содан бастап жоғарыдағылардың да бұл әулиеге деген көзқарасы өзгерген. 1997 жылы әулиенің 100 жылдық мерейтойы Өзбекстанда Республика деңгейінде аталып өтті. Жүзден сәл ғана асатын үйі бар шағын ауылда өткен ұлан-асыр той екі күнге созылып, оған ондаған мың адам жиналды. Сол Қонарбай әулие басына бүгінде Қазақстаннан да қандастарымыз арнайы барып, басына түнеп, зиярат ететіндер аз емес. Бұл да бір әулиенің кереметтігі болса керек. Иә, әулиеге осындай қасиет дарытқан Алланың құдіреттілігінде шек жоқ қой».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған