Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Мәселе » Вакцинация басталды

Вакцинация басталды

«Шымкенттіктерді тұмауға қарсы вакцинациялау үшін 128 963 доза вакцина сатып алынды», – деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі. Ал, қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше қосымша 109 432 дозаға өтініш берілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге көп екен.

Аталған хабарламада сонымен қатар вакцинация кімдерге жүргізілетіні жайындағы мәлімет те көрсетілген. Яғни, вакцинация созылмалы аурулары бар 18 жасқа дейінгі балалар мен медициналық қызметкерлерге, жүкті әйелдерге (жүктіліктің 2-3 триместрі), жабық мекемелердегі адамдарға (балалар үйі, үй, интернат), мүгедек ересектер, созылмалы аурулары бар балалар және 60 жастан асқан қарт адамдарға жүргізілмек. Егу жұмыстары жергілікті мекен-жай бойынша тіркелген алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында жүргізіледі.

«Вакцинацияға қарсы көрсеткіштері бар адамдарға жасалмайтынын ескертеміз. Егер адамда өткір вирустық инфекция болса (тамақ ауруы, жөтел, безгек), онда сіз вакцина ала алмайсыз! Созылмалы аурулардың өршу кезінде вакциналардан уақытша бас тартыңыз. Екі жағдайда да пациенттер сауыққаннан кейін немесе созылмалы аурудың тұрақты жақсаруынан кейін вакцинацияланады», – деп ескертеді хабарламада.

 

 

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика