Deprecated: strpos(): Passing null to parameter #1 ($haystack) of type string is deprecated in /var/www/nysana.kz/public_html/wp-includes/functions.php on line 7053

Deprecated: str_replace(): Passing null to parameter #3 ($subject) of type array|string is deprecated in /var/www/nysana.kz/public_html/wp-includes/functions.php on line 2165
Күзгі көңілсіздіктен қалай құтыламыз? – Nysana.kz – Ақпарат агенттігі

Күзгі көңілсіздіктен қалай құтыламыз?

Әдетте, күз — көңілсіздік мезгілі деп бекер айтылмаса керек. «Жазғытұрымдағы масатыдай құлпырған жердің жүзі» бұл мезгілде сұрғылт түске бөленіп, адамның көңіл-күйі мен денсаулығына да айтарлықтай әсер етеді. Ал, мамандар абайламаса күзгі көңілсіздіктің соңы ауыр депрессияға ұшыратуы мүмкін екендігін айтады. Бұл уақытта ерекше күтім жасамаса, жанымыз да, тәніміз де азып, түрлі ауруларға ұласады екен.

Маусымдық депрессия неден туындайды? Оған ұшырамас үшін адамдар күнделікті қандай қағидаларды әдетке айналдырып, қандай әрекеттерді орындағаны жөн? Бұны оқырмандарымызға психолог маман Әсел КҮМІСБЕКОВА кеңінен түсіндіріп береді.

— Медициналық тұрғыдан алғанда күзгі депрессия маусымдық ауру болғанымен, оған жеңіл қарауға болмайды. Меланхолия, летаргия, есте сақтаудың нашарлауы мен ұйқысыздық белгілері күзде жиі көрініс тауып жатады. Ғалымдар зерттей келе күзгі депрессияны тудыратын үш факторды анықтаған. Оның бірі – ауа райының өзгеруі.

Иә, күзде жанымыз да, тәніміз де азып, ерекше күтімді қажет етеді. Күздегі депрессияға берілмеймін десеңіз, кейбір рәсімдерді орындап, көңіліңізді көтеріп қойыңыз. Жаздағы жылулықтың бізден алыстап, күннің суытуы табиғаттың қапалануы сияқты әсер қалдырып, осы сезіммен бірге жазда орындалмаған армандардың, негізсіз үміттердің шындыққа сай келмеуі көңіл-күйді құлазыта түседі. Барлығы өз орнында болса да, әлдене жетіспей тұрғандай көрінетіні сондықтан. Екіншіден, күн сәулесінің әлсіреп, күндізгі сағаттың кеми түсуі ағзадағы жақсы көңіл-күйге жауап беретін серотонин гормонын азайтады. Орнына ұйқысыздықты қалайтын мелатонин гормоны пайда болады. Әйелдерде серотонин мөлшері ерлерге қарағанда көбірек болатындықтан, маусымдық депрессияға көбірек бейім. Суық ауа райының әсерінен ағзаға қажетті дәрумендердің жетіспеуі күзгі көңіл-күйге әсер ететін үшінші фактор болып саналады. Сондықтан жемістер мен көкөністерді молынан пайдалану керек.

Көңілсіздікке жол бермеудің жолы – әр адамның өзіне байланысты. Қоршаған ортаны жақсы қабылдап, көңілді тақырыптағы кинофильмдерді көріңіз. Күннің шуақты күндері таза ауаға шығып, жаңа достармен танысыңыз.  Физикалық жаттығулар, спортпен айналысу да пайдалы. Қай кезде болмасын жақсы арманыңыз туралы ұмытпаңыз. Әлсіз организм үшін толыққанды ұйқы да өте маңызды. Киім сөрелерін жинап, алдын-ала ретке келтіру күзге іштей дайындықты күшейтеді. Қажетті киімдердің тізімін жасап, дүкен аралауға болады. Күз тек сұрғылт түсті, жабырқаулы мезгіл емес, ақындар өлеңге қосқандай алтын уақыт. Олай болса, саябаққа барып, сары жапыраққа көмілген  тамаша табиғат аясында құрбыңызбен фотосессия жасаңыз. Табиғат рухын сезініп, күш алыңыз. Осылайша көңіл көтеріңіз. Телефондағы әуендерді жаңартып, жаңа шыққан, шаттандыратын өлеңдерді тыңдаңыз. Шабыт іздеңіз. Осындай қарапайым қадамдарды жасау арқылы-ақ күздің жаңа бастамалар мен  өзгерістер әкелетін керемет кезең екеніне көз жеткізесіз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған