Жарты миллион акула жойылуы мүмкін

Коронавирус инфекциясына қарсы вакцина әзірлеу үшін жарты миллион акула өлтірілуі ықтимал. Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігі «Sky News» агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Акуланың бауырында коронавирус вакцинасының өндірісінде қолданылатын элементтердің бірі бар болып шықты. Ол «сквален» деп аталады. Британия компанияларының бірі скваленді тұмауға қарсы вакцина жасау үшін қолданып келген. Енді келесі жылдың мамыр айында коронавирусқа қарсы вакциналарға қолданылуы ықтимал адъюванттың миллиард дозасы шығарылатыны жоспарлануда. Бір тонна скваленге шамамен 3 мың акула қажет болады. Калифорнияда орналасқан «Shark Allies» тобының ақпаратынша, құрамында акуланың бауыр майы бар бір дозаны әр адамға беру үшін шамамен 250 мың акуланы өлтіру қажет болады. Бірақ дозаның мөлшеріне байланысты олардың саны көп болуы мүмкін. Егер зерттеушілер болжағандай адамдарды иммундау үшін екі доза қажет болса, өлтірілуі тиіс акулалардың саны жарты миллионға дейін артуы мүмкін. Бұл туралы АҚШ-тың жабайы табиғат жөніндегі сарапшылары мәлімдеді.

Мұндай жантүршігерлік қатыгездікке бармас үшін ғалымдар скваленді қант қамысынан жасалған синтетикалық затпен ауыстыруды сынақтан өткізуде.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған