Ақтаулық альбинос қыз Америка ролигіне түсті

Ақтаулық ерекше келбетімен танылған альбинос қыз Әсел Қалағанова америкалық өнімнің жарнама ролигіне түсті. Бұл туралы «Қазақпарат» сайты хабарлады. Шашқа арналған бір минуттық видеороликте Ақтаудан бөлек еліміздің басқа да көрікті жерлері түсірілген. Операторы – киноиндустрия саласындағы танымал клипмейкер Азамат Дулатов. Видео әлеуметтік желіде жариялана салысымен желі қолданушыларының оң бағасын алды.

Ақтаудағы Қалағановтар отбасында ерекше екі қыз дүниеге келген. Әсел мен Камиланың арасы 13 жас. Жеткіншектердің ақшыл түсті қас-кірпігі мен шашы сырт көзге бірден байқалады. Бір қызығы, олардың бауыры Алдиярда мұндай ерекшелік жоқ. Жаратылысы бөлек қыздар бүгінде көптің назарында. Әсел Қалағанова 10 жасынан модельдік мектепте оқып, бірнеше рет жарнамаға түскен.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған