Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Әлеумет » Вирус банкнотта қанша өмір сүреді?

Вирус банкнотта қанша өмір сүреді?

Ұлттық банктен айналымға түсетін банкноттардың бетінде COVID-19-дың болу ықтималдығы төмен болып шықты. Бұл туралы Ұлттық банк мамандары мәлімдеді. Дерекке сүйенсек, банк қызметкерлері банкноттарды қайта айналымға шығару алдында ақшаны банктік орауға орап, кемінде он төрт күн сақтау орнында сақтайды. Осыдан кейін ғана оны сұрыптауға және санауға кіріседі. Банкноттарда вирустың өмір сүру ұзақтығы ескеріле отырып,  алдын алу мақсатында қолма-қол ақша қайта санауға дейін  ашылмаған күйі 45 күн бойы сақталады екен. Ал, вирустар бөлме температурасындағы заттардың бетінде 28 күнге дейін, басқа деректер бойынша 24 сағатқа дейін сақталады. Еуропа Орталық банкінің деректеріне сәйкес банкноттардағы ковид-19 іздері бірнеше сағаттан кейін жоғалады.

Банкноттағы вирустардың қауіптілігі туралы деректер әлі де зерттеуді қажет ететінін қаржы мамандары айтады. Ал, әзірге қауіпсіздік ережелері барынша қатаң сақталуда. Екінші деңгейдегі банктер мен «Қазпочта» АҚ және инкассаторлық ұйымдар банкоматтар мен кассалық техниканы залалсыздандыруды жүргізеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми ұсынымдарын, сондай-ақ гигиена ережелерін сақтау, жеке қорғану құралдарын пайдалану және басқа  кеңестерді басшылыққа алу қатаң қадағалауда.

 

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика